• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысында консультативті кеңесші органның отырысы өтті (-2-)

Автор:admin

Июн 24, 2024
Spread the love

Тағы да маңызды мәселе – нашақорлық. Соның ішінде синтетикалық есірткінің жастар арасында таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына аса қауіп төндіріп тұр. Соған орай елімізде 2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесіне қарсы күрестің ведомствоаралық ауқымды кешені әзірленіп, бекітілді.
Қазір жасөспірімдер есірткі сатушылар үшін оңай олжа болып тұр. Өйткені жасөспірімдер жауапкершілікті толық түсінбей, жеңіл табылатын ақшаға алданып қалып жатады.
Соған орай есірткіні жарнамалау және насихаттағаны, яғни графити жазуларын салу, хабарландырулар, QR кодтарды тарату немесе мессенджерлерде есірткі туралы оң пікірлер қалдырғаны үшін қыл­­­­мыс­тық жауапкершілік қарастыр­ылғанын айта кеткен абзал. Сондай-ақ есірткі айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын қаперде ұстаған жөн. Ең бастысы, ата-аналар тарапынан балаларының қосымша қаражатқа мұқтаждығына аса назар аудару қажет.
Соңғы жылдары синтетикалық есірткі дерті дендеп барады. Бұл кеселдің адам психологиясына санаулы секундта өте қатты әсер ететінін неврология ғылымы ертеден дәлелдеп берген. Полиция есірткінің бұл түрімен күресудің қиындығын, «синтетика» саудасының белең алып бара жатқанын ескертіп, дабыл қағуда. Синтетикалық есірткілер, негізінен, интернет арқылы сатылады. Ал елімізде кез келген азамат үшін интернет дүкендері қолжетімді екені белгілі. Яғни, осы арқылы сатып алушы мен саудагер бір-бірімен бетпе-бет кездеспейді.
Сондықтан жастар еліміздің болашағы екенін ескеріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақыттарыңызда тиімді істермен айналысуға шақырамыз…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика