• Ср. Авг 26th, 2026
Популярные метки

ТҮРКІСТАНДА ИСРАИЛ САПАРБАЙДЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ КЕШІ ӨТТІ

Автор:admin

Июл 29, 2026

Ұлттың рухани толысуы мен өркениетті ел болып қалыптасуында әдебиет пен өнердің орны айрықша. Ал жас буынның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, оларды отансүйгіштікке, әсемдікке, көркем сөз өнеріне баулу – мемлекеттік жастар саясатының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Осы бағытта Түркістан қаласында жастардың рухани өрісін кеңейтуге, кітап оқуды дәріптеуге бағытталған сапалы да мазмұнды іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Сондай игі бастамалардың бірі ретінде көрнекті ақын, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исраил Сапарбайдың 85 жылдық мерейтойына орай өткізілген әдеби кездесуді атап өтуге болады. Шаһар жастарының қатысуымен ашық аспан астында өткен бұл тағылымды кеш рухани жаңғыру мен сөз өнеріне деген ерекше құрметтің көрінісіне айналды.

Кездесу барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Исраил Сапарбайдың бай шығармашылық жолы кеңінен насихатталды. Жиналған жастар ақын туындыларындағы терең философиялық ойлар, махаббат пен достық, туған жерге деген сүйіспеншілік пен ұлттық құндылықтар төңірегінде өзара мазмұнды пікір алмасты. Еркін форматта өткен кеште қатысушылар ақынның жүрекке жетер сырлы жырларын мәнерлеп оқып, халық арасында кең тараған, әнге айналған өлеңдерін жанды дауыста орындап, рухани кештің ерекше атмосферасын сыйлады.

Бұл мәдени-көпшілік іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында кітап оқу культурасын дәріптеу, жас буынның ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және Исраил Сапарбайдың бай әдеби мұрасын кеңінен таныту болып табылады. Заманауи трендтер мен цифрлық технологиялар дамыған заманда жастарды кітаппен, көркем сөзбен жақындастыру олардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, ішкі мәдениетін байытады.

Жастар ресурстық орталығының өкілдері атап өткендей, ашық аспан астындағы мұндай поэзиялық кештер жастардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуіне зор мүмкіндік береді. Бейресми ортада өткен кездесу жас өрендердің бойындағы шығармашылық қабілеттерді ашуға, өзге де өнерлі замандастарымен танысып, пікірлесуіне жол ашты.

Түркістан қаласында жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін шыңдауға, ұлттық әдебиет пен өнер өкілдерінің мұрасын пропагандалауға бағытталған мұндай танымдық-әдеби кештер алдағы уақытта да дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *