• Ср. Авг 26th, 2026
Популярные метки

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ – КӘСІБИ ДАМУҒА БАСТАР МҮМКІНДІК: ТҮРКІСТАНДА ЖАС МАМАНДАРДЫ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Июл 29, 2026

Қазіргі бәсекеге қабілетті заманда жас мамандар үшін ең басты кедергілердің бірі – жұмыс тәжірибесінің жоқтығы. Оқу орнын жаңадан бітірген түлектердің еңбек нарығында өз орнын табуына, кәсіби біліктілігін шыңдап, алғашқы еңбек жолын бастауына мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осындай нәтижелі де маңызды бастамалардың бірі – «Жастар практикасы» бағдарламасы. Аталған жоба жас мамандардың теориялық білімін практикамен ұштастырып, болашақта тұрақты жұмысқа орналасуына даңғыл жол ашады.

«Жастар практикасы» бағдарламасының негізгі мақсаты – оқу орындарын аяқтаған түлектерді еңбек нарығына бейімдеу, оларға мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтауға жағдай жасау және кейіннен тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал ету болып табылады. Мемлекеттік бағдарлама Түркістан қаласында да жемісті жүзеге асырылып, жүздеген жастың кәсіби тұрғыда қалыптасуына мүмкіндік беруде.

Осы бағдарлама аясында Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де жұмыс тәжірибесінен өтіп жүрген жас маман Атажанова Дана өзіне жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен атқарып, өзінің кәсіби біліктілігін күн сайын шыңдап келеді.

Практика барысында Дана Атажанова жан-жақты жұмыстарға белсене араласуда. Алғашқы еңбек жолын Жастар ресурстық орталығында бастаған ол қала жастарымен тікелей жұмыс жүргізуге, бұқаралық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға, ісғағаздық құжаттарды жүргізуге, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысуда. Мұнымен қоса, мемлекеттік жастар саясаты бағытындағы түрлі жобалар мен акцияларды жүзеге асыруға белсенді атсалысып жүр.

Бұл тәжірибе жас маманға оқу орнында алған теориялық білімін нақты практик-мамандардың қасында қолданып, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ұйымдастырушылық әрі коммуникативтік қабілеттерін ашуға зор мүмкіндік береді.

Дана сияқты жүздеген жас үшін «Жастар практикасы» – үлкен еңбек жолындағы алғашқы сенімді қадам. Бұл бағдарлама тек уақытша жұмыспен қамту емес, жастардың бойындағы жауапкершілік пен өзіне деген сенімділікті арттыратын маңызды әлеуметтік лифт. Бағдарлама аясында жинақталған тәжірибе жастарға болашақта бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына, өз әлеуетін толық ашуына және қоғамның белсенді мүшесі болуына тікелей ықпал етеді.

Жастарды қолдау – бұл елдің жарқын болашағына салынған ең бағалы инвестиция. Мемлекет тарапынан ұсынылып отырған мұндай мүмкіндіктерді тиімді әрі дұрыс пайдалану әрбір жас маманның кәсіби дамуына, тұлғалық өсуіне және өз саласының үздік сарапшысы болуына жол ашады. Түркістан қаласында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса бермек.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *