• Сб. Июн 20th, 2026
Популярные метки

ТҮРКІСТАНДА ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 1, 2026

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Түркістан облысында «Жарқын болашақ – бақытты баладан басталады» тақырыбында дарынды балалармен кездесу өтті.
Іс-шара барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев халықаралық және республикалық білім, ғылым, өнер және спорт додаларында жеңімпаз атанған 40 оқушымен дөңгелек үстел форматында жүздесті.
Кездесуде облыс әкімінің орынбасары жас дарындарды мерекемен құттықтап, олардың жетістіктері өңірдің ғана емес, елдің мақтанышы екенін атап өтті.
– Бүгін сіздермен осылай еркін форматта жүздесіп, ашық әңгімелесуге келгеніме өте қуаныштымын. Қасиетті Түркістан өңірі – ежелден білім мен ғылымның, мәдениеттің ошағы. Ал бүгінгі таңда сол тарихи мекеннің атын халықаралық, республикалық деңгейде танытып жүрген сіздер секілді жастовдарды көргенде, облысымыздың, еліміздің болашағы сенімді қолда екеніне нық сенемін. Әкімдік тарапынан біз сіздердің сапалы білім алып, спортта да, өнер мен ғылымда да биіктерді бағындыруларыңыз үшін барынша жағдай жасауға тырысып жатырмыз. Бізге сіздердің де ойларыңыз, бүгінгі заманауи білім беру трендтеріне көзқарастарыңыз өте маңызды. Алға қойған мақсатқа жету үшін ең алдымен білім алу керек. Үнемі ізденіп, үйреніп, оқудан жалықпау қажет. Кез келген жетістік табандылық пен еңбекқорлықты талап етеді. Әр қадамдарыңызды ойланып басып, уақыттарыңызды тиімді жоспарлай біліңіздер. Ата-анасының батасын алған баланың жолы ашық болады. Сол себепті ата-ананың ақ батасын алып, олардың үмітін ақтауға ұмтылыңыздар. Армандарыңыз айқын, мақсаттарыңыз биік болсын! Бүгінгі күнді бағалап, болашаққа нық қадам басыңыздар. Ал сол армандарға жетудің басты кепілі – денсаулық. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын! Барлықтарыңызға сәттілік, мол табыс және жарқын болашақ тілеймін! – деді Еркебұлан Дауылбаев.
Еркін пікір алмасу алаңында оқушылар өздерінің жетістіктері мен болашақ жоспарлары туралы ой бөлісіп, білім алу, кәсіби бағдар, көшбасшылық қасиеттерін дамыту және жеке жетістікке жету жолдары төңірегінде пікір алмасты. Сондай-ақ «ашық микрофон» алаңында көкейлеріндегі сауалдарын қойып, жауаптарын алды.
Кездесу барысында балалардың ұсыныстары мен бастамалары тыңдалып, олардың жан-жақты дамуына қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар сөз болды. Жас буынның білім мен ғылымға, шығармашылық пен ізденіске деген қызығушылығын арттыруға бағытталған мұндай кездесулердің маңызы ерекше екені айтылды.
Мерекелік іс-шара соңында облыс әкімінің орынбасары дарынды оқушыларға ізгі тілектерін жеткізіп, олардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел дамуына үлес қосатын білікті азамат болып қалыптасатынына сенім білдірді.
Осы тұрғыда, жас ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезімді ояту мен олардың зияткерлік әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар Түркістан облысының ішкі саясат және әлеуметтік даму басқармасы тарапынан тұрақты қолдауға ие болып келеді. Бүгінгі таңда өңірде жүзеге асырылып жатқан стратегиялық жоспарлар қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі саясатты, отбасылық және гендерлік саясатты, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметті, қоғамдағы әйелдердің рөлін, демографиялық саясатты мемлекеттік тілінде ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру мақсатымен тікелей сабақтасып жатыр. Мемлекеттік тілдің кең ауқымды әлеуетін пайдалана отырып, дарынды балаларды қолдау жүйесін халық арасында кеңінен насихаттау өңірдің интеллектуалдық беделін арттыруға өз септігін тигізуде.
Аталған кездесуде айтылған өзекті мәселелер мен жастардың ұсыныстары алдағы уақытта облыстың білім беру және жастар саясаты бағдарламаларын жетілдіруге негіз болмақ. Балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада өсуі, заманауи біліммен қарулануы және денсаулығының мықты болуы үшін отбасы институтын нығайтудың маңызы зор. Осы ретте ана мен баланы қорғау, отбасындағы әйел-ананың орны мен рөлін биіктету арқылы ғана біз саналы да білімді қоғам қалыптастыра аламыз. Демографиялық өсім қарқыны бойынша алдыңғы қатарда тұрған Түркістан облысында әрбір баланың бақытты балалық шағын қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндіру және практикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын таба береді. Мұндай іс-шаралар мемлекет пен жас буын арасындағы алтын көпірге айналып, ел дамуының жаңа көжігін қалыптастыруға жол ашады.
Кездесуідің әдемі қорытындысы ретінде Түркістан қаласы Өнер мектебінің оқушысы, қазақтың қасиетті домбырасын өзіне серік қылған, жақында ғана Астана қаласында өткен «Сөз бен саз» республикалық байқауының жеңімпазы Рахым Иманәлі арнау тарту етті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *