• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілді (-4-)

Автор:admin

Июн 24, 2024
Spread the love

105-баптың атауы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету» деп толықтырылды. Бұрын ол жай ғана «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» деп аталатын.
Сондай-ақ депутаттар суицидті насихаттауды әлеуметтік қауіпті әрекет ретінде криминализациялау негізді деп шешіп, Қылмыстық кодекске «313-1-бабын «Өзін-өзі өлтіруді насихаттау» кіргізді. Егер суицидті әлеуметтік желіде немесе тағы басқа жолдармен насихаттаудың арты адам өлімімен аяқталса, насихаттаушы үш жылдан бес жылға сотталады.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте не өзгерді?
Кодекске балаларды қорғау мақсатында жаңа бап қосылды. Ол 127-2-бап. Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) деп аталады.
Бала буллингке ұшыраса, алдымен ескерту жасалады немесе 10 АЕК айыппұл салынады. Егер дәл осы әрекет бір жыл ішінде тағы қайталанса, құқықбұзушы 30 АЕК айыппұл арқалайды.
Егер буллингті 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар жасаса, онда ата-аналары немесе оларды алмастыратын адамдар ескерту алады немесе 10 АЕК айыппұл төлейді.
Соңғы кездері жолақысын төлемеген немесе билеті жоқ балаларды ауа райына және басқа да жағдайларға қарамастан қоғамдық көліктен түсіріп тастау оқиғалары жиілеп кетті. Көбіне балалар мектепке және қосымша сабақтарға өз бетінше барады. Осыған байланысты жаңа заңмен ата-анасы және (немесе) заңды өкілі ертіп жүрмеген 16 жасқа толмаған баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынып отыр.
Тиісінше Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 593-бабы 1-1-бөлікпен толықтырылды. Егер жүргізуші немесе кондуктор баланы автобустан түсіріп тастаса, оларға 5 АЕК айыппұл салынады…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика