Бүгінгідей техника ғасыры аталған заманда түрлі жарақат алудың алдыңғы орынға шыққаны белгілі. Мәселен, әлемде жол апатынан болатын жарақаттар жиі кездеседі. Қыс мезгілінде болатын оқыс жағдайлар да бар. Оған қоса абайсызда қол-аяғын сындырып немесе бір жерін кесіп алатын жағдайлар көп кездеседі. Мұндайда қарапайым халық әрдайым ақ халатты абзал жандардың көмегіне жүгінеді. Аурухананың, емхананың күнделікті тынымсыз тыныс-тіршілігі, таңертеңнен ағылып келіп жатқан науқастарға жасайтын ем-домдар, жүктеген ауыртпалықтарға қарамастан, олардың еш сыр бермей, шыдамдылық пен мейірім танытып, жымиып жүретіндігіне қайран қаласың. Осындай жандардың бірі Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының хирург-травматолог дәрігер Бейсенов Жамалбек дертіне дауа іздеген талай науқастарға қол ұшын созып келеді.
Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкері Бейсенов Жамалбек Орынбасарұлы, Отанымызға адал қызмет атқарып жүрген, медицина саласында 45 жылдам астам уақыт қызметтер атқарған, Бәйдібек ауданының құрметті азаматы, запастағы медицина қызметінің подполковнигі. Бүгінде зейнет жасында болса да еңбек жолында, қатардағы білікті маман ретінде елге қызмет атқарып жүрген хирург-травматолог дәрігері. Бәйдібек ауданында 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді.
Қатардағы дәрігерден бастап, хирургия, реанимация бөлімдерінің меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары және бас дәрігер, әскери госпитальдерде хирургия бөлімдерінің бастығы болып қызмет атқарған, Ел алғысына бөленген дәрігер.
Еңбек жолында: 11.06. 2010жылы Жамбыл облысының «Ең үздік дәрігері», 16.12.2011ж. «Бәйдібек ауданының құрметті азаматы». 2011 жылы «Бәйдібек ауданының үздік ауыл дәрігері»-деген атақтарын алған. Жамбыл облысының, Тараз қаласының, Байзақ, ОҚО Бәйдібек аудандары әкімдерінің құрмет грамоталарымен және Денсаулық сақтау министрінің, ҚР ҚКҚ министірің бірінші орынбасарының, Жамбыл облысының, Оңтүстік Қазақстан облыстарының денсаулық сақтау басқармаларының бірнеше грамоталарымен марапатталған, 4-Юбилейлік медальмен, «Гиппократ» және «за заслуги медицинской сфере» ордендерімен 2016 ж. марапатталған. 2 ұл 7 қыздың әкесі, 8 немеренің сүйікті атасы.