Облысымызда жол бойында иесіз жүрген үй жануарларының автокөліктерге соқтығысу жайттары жиі кездеседі.
Мұндай сәттерде техниканы айтпағанда, автокөлікте отырған адамдар қатты зардап шегуі мүмкін. Яғни мал иелерінің өз мүлкіне немқұрайды қарауының соңы қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін.
Одан бөлек бақылаусыз жайылып жүрген мал ұрылар үшін де оңай олжа болып табылады.
Мал ұрлығын болдырмау, сондай-ақ өңір аумағында қараусыз жүрген малдың салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында, Арыс ауданының полицейлері автожолдарға шығып кеткен малдарды жол жиегінен қуып, ауылдық елдімекендерде рейдтер жүргізуде.
Полицейлер мал жаю ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында әкімшілік жауапкершілік көзделгенін және мал жаю кезінде жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оның иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін ескертеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі