• Сб. Апр 19th, 2025
Популярные метки

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

Автор:admin

Апр 16, 2025
Spread the love

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары және әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек кезекті рет БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
Ресми өкіл алдымен күні кеше Шымкентке келіп кеткен Мемлекет басшысының сапары туралы айтып, Президенттің кейбір мәселелер бойынша ұсыныстарына тоқталды.
Соның бірі жаңа университет ашу бастамасы туралы болды. Яғни, Президент Шымкентте Мәдениет және өнер университетін ашу жөніндегі ұсынысты қолдады. Осыған орай Мемлекет басшысы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға тиісті тапсырма берді.
Спикердің айтуынша бұл бастама қаланың мәдени және білім беру әлеуетін арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ, «Шымкенттің бір топ азаматы Конгресс-холды «Tulip Hall» деп атамай, бұл ғимаратқа «Қызғалдақ сарайы» немесе «Қызғалдақ» деген атауды беру жөнінде ұсынысын Президент қолдағандығына да тоқталды.
Сәрсен Құранбек Мемлекет басшысының Шымкенттегі іс-сапары барысында тұрғындар тарапынан сын-ескертпелер де айтылғандығын айтты.
Нақтырақ айтар болсақ, әсіресе жасанды газон туралы. Ол әлеуметтік желіде тараған видеоматериалда көрсетілген Бәйдібек би даңғылы – Шымкент қаласының кіре беріс негізгі магистралды жолдарының бірі.
Онда эстетикалық келбет беру мақсатында аталған учаскеге жасанды газондар орнатылған.
Ал аталған жол бөлігінің ені 1 метрді құрайды және жан-жағы бетондалған. Табиғи көгалдандыру жұмыстарын тиімді жүзеге асыру үшін жолақтың ені кемінде 3 метр болуы қажет. Бәйдібек би даңғылының бөлу жолағының тарлығы мен суару жүйесінің болмауына байланысты, қазіргі таңда табиғи жасыл желектерді орналастыру мүмкіндігі жоқ екендігіне атап өтті.
Сонымен қатар, оның айтуынша жаз мезгілінде асфальт қабатының қатты қызуына және суару жүйесінің болмауына байланысты бұл аумақта көк шыққан жағдайда да шөптің тамыры күйіп, өсімдіктің көгеруіне мүмкіндік бермейді.
Брифингте Сәрсен Абайұлы «бұл секілді жасанды газондар Бәйдібек би — Арғынбеков жолайрығында және Жандосов пен Қонаев көшелерінің қиылысында бетон үстіне төселген. Жолайрықта суару жүйесінің болмауына байланысты, 2023 жылдан бастап әр көктемде суару жүйесі жоқ жерлерде жасанды газон төселіп келеді. Бұл шара қандай да бір арнайы іс-шараларға байланысты емес екенін мәлімдейміз. Мына фотолардан байқасаңыздар мұндай тәжірибе бізде бұрыннан бар»-деді.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/tfc0sSnPwzI
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика