• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» ТАҢБА БЕЛГІСІНІҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

Автор:admin

Авг 15, 2023
Spread the love
 Қазақстанда жасалған әр өнімге ерекше мүмкіндіктер беріледі. Әр өнім ең таңдаулы, ең сапалы әрі ең жақсы тауар ретінде танылады. Ондай тауарларға 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» таңба белгісінің ұлттық стандарты беріле бастады.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Түркістан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің хабарлауынша, таңба стандарттары отандық тауар өндірушілерден қосымша қаржылық шығындарды көздемейді, сондай-ақ ол белгі тауар құжатының ақпараттық сипатына ие.
Отандық өнімдердің артықшылығы басым. Өйткені Қазақстанда өндірілетін кез-келген тауар, әсіресе, азық-түлік өнімдері синтетикалық қоспасыз таза табиғи шикізаттан жасалады. Бағасы қолжетімді. Түркістан қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік көрмесіне әкелінген тауарлар соның айқын дәлелі.
— Өзін, мен қазақстандықпын, деп санайтын әр адам дүкен сөрелерінен «Қазақстанда жасалған» белгісі бар өнімдерді таңдауына кеңес берер едім, өйткені, біздің өнімдеріміз ең жақсысы! Біз, Сіздерді әркез отандық өнімдерді көптеп сатып алып, оның игілігін көруге шақырамыз!,-деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Түркістан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика