• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

Автор:admin

Апр 13, 2023
Spread the love

«Қауіпсіз еңбек жылы» аясындағы кезекті кездесу «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдақ бірлестігінің өңірлік филиалының құрамындағы Шымкент қаласындағы №2 қалалық аурухана ұжымымен өтті. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек пен Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне еңбек жағдайларына байланысты семинар-кеңес өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде ақпарат берілді.
Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек жиында өңірлік Кәсіподақтар орталығы еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытындағы ақпараттарымен бөлісіп, биыл Кәсіподақтар Федерациясының «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі басты назарда ұстайтынын алға тартты.
Еңбек ұжымы кәсіби пайдалы дәрісті тыңдап, еңбек жағдайында орын алатын мағлұматтар мен ақпараттарға қанық болды.
2023 жылдың 8 сәуір күнгі Шымкент қаласында автобус қарсы жолаққа шығып кетіп, 5 адамның басын жалмаған қайғылы жол апатынан соң өңірде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Мұхтар Қоқанбаевпен бірлесе 10 тасымалдаушы компания директорларымен, Жолаушылар көлік Ассоциациясы, Жол полициясы, БАҚ өкілдерінің қатысуымен шұғыл кеңес өткізілген болатын. Кеңесте кәсіподақтар орталығының төрағасы Бауыржан Әлтеев еңбек адамының қатысуымен орын алатын қайғылы жағдайларға жол бермес үшін жергілікті Әкімшілік полиция — жол қозғалысының ережелерiн, көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелері бойынша, Кәсіподақтар орталығы тарапынан – еңбек қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздік, жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша, Еңбек инспекциясы – еңбек заңнамасы бойынша жаппай оқытулар жоспарлы түрде өткізіліп тұру керектігі және ол үшін Жол картасын құру туралы ұсыныс айтқан еді. Бүгінде кәсіподақ тарапынан берілген ұсыныс қабылданып, Жол картасы түзіліп, жоспарға сай іс-шаралар жүргізілуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика