• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Шымкентте полицейлер тұрғынға таксиде қалдырған сөмкесін қайтаруға көмектесті

Автор:admin

Июн 18, 2024
Spread the love

Қала тұрғыны патрульдік полиция қызметкерлерінен көмек сұрады. Ол таксиде ішінде бағалы заттары бар сөмкесін қалдырғанын жеткізді.
Тәртіп сақшылары бірден іздеуге кірісті.
Көшедегі бейнебақылау камераларының көмегімен тасымалдаушы тез арада табылды.
Сөмке ішіндегі барлық заттарымен иесіне қайтарылды.
Өз кезегінде азаматша полицейлердің жедел жұмысы үшін шынайы ризашылығын білдірді.
“Полицейлер Әкімбай Бақытжан мен Үрістек Бағдатқа алғыс айтқым келеді. Таксиде заттарым қалып кеткен еді. Көліктің нөмерін де білмедім. Сол жердегі патрульдік қызметкерлерден көмек сұрадым. Олар дер кезінде шара қабылдап, сөмкемді қайтарып берді”, — дейді тұрғын.
Айта кететін, Шымкент қаласында мекенжай бағдарламасына сәйкес, 3868 бейнебақылау камералары орнатылған.
Шымкент қаласында 2024 жылы мекенжай бағдарламасы бойынша бірінші жартыжылдықта 1500 бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған, оның ішінде 1200 қоғамдық қауіпсіздік саласы және 300 жол қауіпсіздік саласы бойынша (автоматты түрде жол ережелерін анықтайтын камералар). Бұдан бөлек, екінші жартыжылдықта қосымша 1 500 камера орнатылатын болады, яғни жалпы 3000 бейнебақылау камераларын орнатуды жоспарланып отыр.
Шымкент қаласында мекенжай бағдарламасына сәйкес, 3868 бейнебақылау камералары орнатылған. Оның ішінде, 3177 «Сергек» камералары. Бұл бағытта жүйелі түрде жұмыстар атқару нәтижесінде, қаламызда 12855 бейнебақылау камералары Жедел басқару орталығына интеграцияланған. Оның ішінде, 3446 білім орталықтарында, «Қауіпсіз қала» қағидаты бойынша «Қазактелеком» акционерлік қоғамы бұлтты бақылау (облачное наблюдение) 2460 және 1851 темір жол, жер асты өткелдерде, денсаулық сақтау объектілерінде, үй аулалары мен базар аумақтарында орнатылған. Сонымен қатар, полиция полковнигі қоғамдық тәртіпті сақтау, ел азаматтарының мүддесі мен тыныштығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету полицияның басты міндеті болып табылатындығын да атап өтті. Жалпы, қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде, қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша жалпы криминогендік ахуал тұрақты. 2024 жылдың осы мерзімінде қала аумағында тіркелген қылмыстар саны – 36,3 пайызға (1717-ден 1093-ке) азайған. Оның ішінде:
— қоғамдық орында жасалған қылмыстар – 55,8 %-ға;
— көшеде – 56,5 %-ға;
— мас халде жасалған қылмыс — 2,6 %-ға;
— отбасы тұрмыста жасалған қылмыстар — 42,9 %-ға;
— кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар — 45,2 %-ға төмендеген.
Жалпы, қылмыстың алдын алу және болдырмау, жол көлік оқиғаларының жолын кесу мақсатында бейнекамералар тиімділігі оң әсерін тигізетіні анық.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика