• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Шымкентте мас халдегі ер адам бөтеннің көлігін ұрлаған

Автор:admin

Май 13, 2024
Spread the love

Тәртіп сақшылары ұрланған темір тұлпарды тауып, заңды иесіне қайтарды. Оқиға жексенбінің таңертеңінде орын алды. Достарымен өткізген көңілді басқосудан кейін 29 жастағы тұрғын бөтеннің көлігін айдап кетуді шешкен. Жақын маңда тұрған “тоқсан тоғызды” бұзып ашып, сымдарын қосу арқылы оталдырған.
Көлігінің жоғалғанын көрген иесі жайт туралы бірден полицияға хабарлаған.
Темір тұлпарды іздеуге полиция департаментінің ЖБО бейнебақылау инспекторлары кірісті.
Ұрланған көлікті қаскөй Туран ауданы аумағындағы үйлердің бірінің алдына қалдырғаны белгілі болды. Жолын жаяу жалғастырған азаматты патрульдік полицейлер ұстады.
Ол заңсыз әрекетін масаң күйде болдым деп ақтағысы келді.
Ер адамның мас халін медициналық куәландыру растағаннан кейін, ол ӘҚБтК-ке сәйкес 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.
Қазіргі таңда көлікті заңсыз айдап әкету жайты бойынша тергеу жүргізілуде.
Еске саларлық, Шымкентте патрульдік полиция ауыр жүк көлігінің мас күйде басқарған азаматты анықтаған болатын.
Жүргізуші көлікті қисалаңдап тізгіндеуі полицияға ұстап берді. Көлікті тәртіп сақшылары Бердіқожа көшесінде тоқтатты. Рөлде болған ер адам масаң күйін жоққа шығаруға тырысты, алайда медициналық куәландыру нәтижесі керісіншесін дәлелдеді. ҚР ӘҚБтК бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Полиция көлікті мас күйде басқару – қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін өте қауіпті заң бұзушылық екенін ескертеді, сондай-ақ жолдағы апаттарды болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
Айта кетпеске, ұландықтар көшеде есінен танып қалған адамның өмірін сақтап қалды. 11 мамыр күні кешке Ю. Гагарин көшесінде болған. Онда ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің бірінші жедел мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметін атқару барысында еді.
10 минуттан кейін оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жетті. Келген дәрігерлер жәбірленушіні ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда азаматтың жағдайы бір қалыпты. Құқықтық тәртіп әскерлері әскери қызметшілерінің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында адам өмірі тағы да құтқарылды. Айта кету керек, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері төтенше жағдайларда азаматтарға көмекке келуге әрқашан дайын, өйткені олар үшін адам өмірі маңызды басымдық.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика