Ашылу салтанатына арнайы Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы қатысып, барша спортшыларға сәттілік тіледі.
Сәуірдің 19-21 күндері аралығында өтетін жарысқа әлемнің 5 елінен, сондай-ақ еліміздің барлық аймағынан ең мықты спортшылары қатысуда. Турнирге қатысушылардың арасында Қырғыстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан елдерінен 250-ге жуық спортшы бар. Олар джиу-джитсудың 4 бағыты: Ne-waza, Fighting, DUO және Contact түрлері бойынша бақтарын сынайды.
Халықаралық деңгейде де джиу-джитсудың абыройы өсіп келеді. Бұл спорт түрі XIX жазғы Азия ойындары-2022 бағдарламасына ресми түрде енгізілді. Бұл әлемнің джиу-джитсуды мойындағанының белгісі. Демек алдағы уақытта ол олимпиадалық спорт түрі атануы мүмкін.
Айта кететін, Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада ескек есуден Азия чемпионатында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұптық сында Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Қазақстандық дуэт каноэмен 500 метрге жарыста финалға шығып, қарсылас шақ келтірген жоқ.
Осыған дейін каноэмен 500 метрге жарыста Ульяна Кисилева сосын, байдаркамен жарыста Ольга Шмелева Ольга мен Ирина Подойникова Ирина жұбы (500 метр) күміс жүлдегер атанды. Осылайша олар Париждегі ойындарға жолдама ала алмады.
Сонымен қатар, балыкесир қаласында (Түркия) үстел теннисінен оқу-жаттығу жиыны өтіп, жас теннисшілерден құралған жолдастық командалар арасында турнир өткізілді. Жарысқа Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Кипр, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан елдерінен 30-ға жуық теннисшілер қатысып, өзара бақ сынасты.
Жолдастық командалық турнирде Қазақстан құрама командалары екі жүлдеге қол жеткізді. Қыздар құрама командасы алтыннан алқа тақса, ұлдар құрамасы қоланы қанағат тұтты. Сондай-ақ, құрама сапында жерлестеріміз де өнер көрсетті.
1-орын: Айназ Адильгереева;
3-орын: Бақдаулет Саурбай.