Тамыз айының 15 күні жасөспірім спортшылар арасында Жасөспірімдердің құқық бұзушылығының алдын алу тақырыбында жиналыс өтілді.Жиналыстың мақсаты: Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.Жиналыс барысында КТІЖ участкелік полиция инспекторы Марат Дуйсенов қоғамдағы заңдармен таныстырып,оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 128-баппен таныстырып өтті.Әкімшілік Құқық бұзушылық болған жағдайда жаза мен айыппұл мөлшерін атап өтті.Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы бұзақылық,ұрлық және басқа заңға қайшы әрекеттерді жасамауға шақырды.
Сөз соңында жас спортшыларымыз сұрақтарына жауап алып жиналысты қорытындылады.