Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен бұрын сотты болған ер адамды анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті түнгі уақытта бөтеннің сарайының есігін бұзып кіріп, бір дана болгаркасын ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары қолды болған болгарканы тұрғынның үйінен тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда күдікті ер адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі