• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ (-1-)

Автор:admin

Июн 24, 2024
Spread the love

Түркістан облысы полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес Отырар аудандық полиция бөлімінің және Төтенше жағдайлар қызмет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Отбасылық зорлық зомбылық жол жоқ» акциясы өті. Аудандық мәдениет сарайының кіші залында өткен бұл шараның мақсаты — “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу,құқық бұзушылыққа жол бермеу.
Жиын барысында сала мамандары жоғарыдағы аталған мәселелер төңірегінде талқылаулар жүргізіп, Отырар аудандық полиция бөлімінің әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Зубайра Надирова «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заңға енген өзгерістермен таныстырып шықты.
Айта кететін, биыл 15 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқығын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңға қол қойды.
Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер:
Осы заңмен Қылмыстық кодекске жаңа 98-3 бап қосылды. Ол «Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу» деп аталады.
Яғни сот қылмыстық құқықбұзушылық жасаған агрессорды үш айдан бір жылға дейін психологиялық көмектен өтуге мәжбүрлей алады.
Сонымен қатар жәбірленушіні іздестіруге, қудалауға, оған баруға, ауызша не телефон арқылы сөйлесуге тыйым салуы мүмкін. Атыс және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға, бұдан бөлек ішімдік ішуге, есірткі шегуге және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салады.
Сот тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға жәбірленушімен бірге жер үйде, пәтерде немесе өзге де баспанада тұруға тыйым салуға құқылы. Мұндай құқықтық ықпал ету шарасы отыз тәулікке дейін қолданылады…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика