Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік этносаясаттың жүзеге асырылу барысы» тақырыбында Тұрдыабад тұрғын алабының ауыл билерімен және жергілікті тұрғындардың катысуымен кездесу өткізілді.
Ұлтаралық қарым-қатынастың қазақтандық үлгісі төрт негізгі деңгейден құралған. Олар: тұжырымдамалық деңгей, саяси-құқықтық деңгей, институционалдық деңгей, ғылыми-әдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей дегеніміз – ұлтаралық қатынастырады реттеу. Оның ішінде, экономиалық-әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық факторларды есепке алу, еліміздегі этностардың мәдени дамуына жағдай жасау, мүдделерін қорғау және жүзеге асыру принциптері бар. Саяси-құқықтық дейгейге ұлтаралық қатынастарды реттейтін заң актілері, құжаттар кіреді. Конституциямыз ұлтаралық келісімнің құқықтық негізі болып табылады. Негізгі заңның 39-шы бабында былай деп жазылған: «Ұлтаралық келісімді бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады». Сондай-ақ Конституцияның 7-бабында мемлекеттің Қазақстан халқының тілдерін дамыту мен оқуға жағдай жасайтыны, 19-бабында әр азаматтың өз тілі мен мәдениетін пайдалануға құқығы бары жазылған. Тек қана Негізгі заң емес, басқа да «Мәдениет туралы», «ҚР азаматтығы туралы», «ҚР тілдері туралы», «Тарихи-мәдени мұраларын қорғау мен пайдалану» туралы заңдар еліміздің кез келген азаматының ана тілінде білім алып, мәдениетін таратып, дамытуға мүмкіндік береді. Оған қоса, 2007 жылғы Ата Заң реформасына орай Қазақстан ұлттары республикалық жоғарғы заң шығару органына өкілдер жібере алады. Ұлтаралық бірлік жағдайындағы Қазақстан тәжірибесі көпшілікке үлгі болып отырғаны жасырын емес.
Жалпы, елдің біртұтастығы әрбір қазақстандық үшін аса қажетті мәселе.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының қорытындысы, қойылған міндеттер мен атқарылатын жұмыстар туралы айтылды.
«– Халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін біледі. Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этнос үшін де қымбат құндылықтар. Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүріп жатыр.
Бұл – теңдессіз жетістік! Әрбір азамат бірлікті нығайту үшін қызмет етуі керек. Бұл қызмет ешқашан тоқтамайды, үздіксіз жалғаса береді. Өйткені бірлік болса ғана, тірлік болады. Біз осы мызғымас қағидаға әрдайым адал болуымыз керек. Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде «Ассамблеяның қажеті жоқ» деген ұшқары, яғни күмәнді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, ассамблея – мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт», – деді Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.