• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАЛАЛАРДЫҢ ТҮНДЕ ЖҮРУІНЕ ҚАРСЫ РЕЙД ӨТКІЗІП ЖАТЫР

Автор:admin

Июл 19, 2023
Spread the love

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, 2023 жылғы 17-19 шілде аралығында республика көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Профилактикалық іс-шара аясында Түркістан облысының полицейлері мен әкімдіктің тиісті сала мамандары бірлесіп, түнгі рейдтерге шығып жүр. Басты мақсат – жастар мен жасөспірімдерінің беймезгіл уақытта жүрмеуін, ойын-сауық орындарында болмауын қадағалау.
Аталған шараның алғашқы тәулігінде облыс полицейлері 191 кәмелетке толмаған жасөспірімді бөлімдерге жеткізді. Оның ішінде жасөспрімдерге қатысты 173 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мәселен ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-ана) бойынша 8 дерек, ӘҚБтК-нің 434-бабымен (ұсақ бұзақылық) 3 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша 5 жайт болды.
«ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен (түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген) 155 дерек анықталып, әкімшілік шара қабылданды. 16 құқық бұзушылыққа бейім кәмелетке толмаған және 9 қолайсыз отбасы ІІО-ның профилактикалық есебіне алынды», — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Түркістан облысының полицейлері бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика