• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Түркістан: Мемлекеттік қызметшілерге антқа адал болу қажеттігі түсіндірілді

Автор:admin

Июл 19, 2023
Spread the love

Түркістан қаласы әкімдігінің басшылық құрамы мен оған қарасты мекемелердің мемлекеттік қызметшілеріне «Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы» тақырыбында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне бағытталған мақсатты кездесу өткізілді.

«Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген шараның негізгі мақсаты — мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің бойында адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және оның алдын алу, әдеп нормалары мен жоғары кәсіби біліктілік талаптарын сақтауды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту жолдары жан-жақты талқыланған маңызды шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ө.Балажанов, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің Превенция басқармасыныың басшысы Е.Жүнісов, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторанты Ақтөре Талғатұлы қатысты.

Жиында кәсіби мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптар мен дағдылар ортаға салынып, бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алу мәселелері кең талқыланды.

Спикерлік еткен Өркен Байділханұлы «Адал азамат – мемлекеттік қызметшілердің жаңа болмысы» тақырыбында ой қозғап, Әділетті Қазақстанды құруда мемлекеттік қызметшілердің адалдық пен парасаттылық идеялогиясына бейім, ант пен аманатқа адал болу қажеттігін жеткізді.

Ержан Әліұлы өз сөзінде «Елімізде түрлі мәселелерді шешу үшін лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеу жағдайлары мен алаяқтық қылмыстары жиілеп кеткенін, алаяқтық әрекетті адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса немесе мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам, не оған теңестiрiлген адам, не лауазымды адам, не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын айыруға жазаланатынын» ескертті.

Сондай-ақ, өңірде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берген лауазымды тұлғаларға тоқталып, Отан алдында жүктелген қызметін адал атқармаудың соңы — ауыр қылмысқа соқтыратынын тілге тиек етті.

Бұдан бөлек, Елордадан арнайы келген Ақтөре Талғатұлы мемлекеттік аппарат үшін сұранысқа ие мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктіліктік дағдыларын баяндап, әлемнің озық елдеріндегі мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық тәуекеліне бару үлесі мен парақорлықпен күрес жүргізу тәжірибесін талқыға салды.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері ортаға салынған шара соңында қоғамдық санаға әсер ететін әлеуметтік бейнеролик жиынға қатысушылар назарына ұсынылып, заң аясында әзірленген ақпараттық жадынамалар мемлекеттік қызметшілерге үлестірілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика