• Пн. Май 5th, 2025 10:08:50 PM
Популярные метки

ТҮЛКІБАСТЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Автор:admin

Апр 20, 2024
Spread the love

Бүгін Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шақпақ баба ауылынан өтетін тас жолдың бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Ұжым болып, жарыса жұмыс істеген олар өздерінің ауызбіршілігі мен аудан тазалығы үшін жасалатын іске бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Қураған шөптерді шауып, қоқыс жәшігіне жинаса, келесілері маңайды сыпырып, ағаш түптерін қопсытты. Қолдарына күрек ұстаған полицейлер бірлескен жұмыстарды біркісідей атқарды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Leave a reply

  • Default Comments (0)
  • Facebook Comments

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика