• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Саяси реформалар – жаңарудың жарқын жолы

Автор:admin

Авг 14, 2023
Spread the love

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған саяси реформалары – елді демократияландырудың ең басты алғышарты. Ел өміріне ауадай қажет саяси шешімдердің өз кезегінде қолға алынуы өте құптарлық.
Жаңа Қазақстан құрудағы ең басты өзгеріс әуелі Мемлекет басшысының өзінен басталғанын басым айту қажет. Яғни, Президенттік өкілеттілікке шамадан тыс үстемдік беруден бас тарту туралы бірқатар өзгеріс енгізілді. Жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызмет және квазимемлекеттік сектор басшысы болуына тыйым салынды. Президенттің саяси партияға мүше болуы тоқтатылды.
Мемлекет басшысының Үкіметтің, облыс, республикалық маңызы бар қала және Астана әкімдері актілерінің күшін жою немесе тоқтата тұру жөніндегі құзыреті алынып тасталды. Сондай-ақ, аудан, қала, ауылдық округ әкімдерін қызметінен алу құқын жою, Конституциялық сот төрағасын және Жоғары сот кеңесі төрағасын тағайындау үшін Сенаттың келісімін алу міндеттілігі, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерін тағайындауға мәслихаттардың келісімін алуы үшін баламалы негізде кемінде екі үміткер ұсыну секілді тармақтар енгзілді. Мұның барлығы шынымен де демократиялы елге кеңінен жол ашылғанын көрсетеді.
Президенттің құзіретінен заңдар мен заңдық күші бар жарлық шығару өкілеттілігі де алынып тасталды. Мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік органдарды, ұйымдарды қаржыландыру жүйесін бекіту жұмысы тікелей Үкіметке берілді.
Мемлекеттік қызмет – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі кілті. Сондықтан, Президент бұл салаға жаңа буын керек екенін де естен шығарған жоқ. Жас мамандарды басшылық қызметке көтеру бойынша жүйелі жұмыс болу қажеттігі алға қойылды. Бүгінде Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде осы мақсатты жүзеге асыруға басым ден қойылып отыр. Мәселен, біздің бөлімде барлығы 29 мемлекеттік қызметкер болса, оның жартысын жастар құрайды.
Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі жанынан «Балықшы» шағынауданынан Зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға белсенді ұзақ өмір сүру және үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығын ашу жоспарланды. «Жас келсе – іске» демекші, бұл орталықтың басшылық қызметі де жас буынға жүктеліп отыр. Бұл орталық егде жастағы адамдардың белсенді өмір сүруіне жағдай жасап, бірақатар жұмысты жүзеге асырады деп сенеміз.
Мемлекет басшысының саяси реформаларын жүйелі жүзеге асыруда бөлімде барлық мелекеттік көрсетілетін қызметтер толықтай электронды форматқа көшірілді. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға берілетін әлеуметтік құралдардың барлығы әлеуметтік портал арқылы жүзеге асады. Яғни, жеке оңалту бағдарамасы жасақталған кез келген мүгедектігі бар адам үйінде отырып-ақ қажетті құралдарын тікелей жеткізушіден таңдап ала алады.
Сонымен қатар, биыл 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енетінін атап айтқан жөн. Бұл ел дамуында жаңа әлеуметтік саясатты көздеген құжат болары сөзсіз. Яғни, Мемлекет басшысы жариялаған ауқымды өзгерістердің маңызды қыры саналады. Жаңа кодексті енгізудегі басты мақсат – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметтердің барлығы қазақстандықтарға қолжетімді болуы әрі ешқандай кедергісіз жүзеге асуы тиіс. Осы мақсатта азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір функциялары Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүктеліп жатыр. Бұл саладағы өзгерістер халықтың уақыт және қаражат шығындарын едәуір қысқартып, мемлекеттік қызметтерді барынша сандық форматқа көшіруге мүмкіндік береді. Биыл шілде айынан бастап осы саладағы функцияларды түгелдей жергілікті атқарушы орыннан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беру жоспарланды.
Әрбір салада орын алып жатқан осы секілді түбегейлі өзгерістер республиканың жаңа дәуірге қадам басуына жол ашуда. Соған сәйкес қоғамдық белсенділіктің жаңа алаңдары да құрылып жатыр.
Ал, қандай кезеңде де, қандай өзгеріс болса да халықты бір арнаға тоғыстартын бірлік, әділдік және адамгершілік екені белгілі. Президенттің алға қойған барлық саяси реформалары, оның негізінде әр салада атқарылып жатқан жұмыстар осы құндылықтар арнасында топтасып, өркендеуге қадам бастайтыны сөзсіз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика