• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Полиция «Таза Қазақстан» акциясы аясында 5000-нан астам құқық бұзушыны жауапқа тартты

Автор:admin

Июн 14, 2024
Spread the love

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясын өткізудің екі ай мерзімінде жергілікті полиция қызметінің полицейлерімен белгіленбеген орындарда қоқыс шығару, жалпы пайдалану орындарын абаттандыру және ластау қағидаларын бұзу, жолдар мен жол құрылыстарын зақымдау жайттары бойынша 5185 деректі анықтады.
Оның ішінде жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 2331 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 1795 азаматқа ескерту жасалды, ал 139 адамға айыппұл салынды. Сондай-ақ 920 адамға «Жолдардың, теміржол өткелдерінің және басқа да жол құрылыстарын зақымдау» бабымен хаттама толтырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап өткізіліп келеді. Бұл шара экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған.
Президент жариялаған экологиялық акцияға 2 жарым миллионға жуық адам қатысты. Олар 2 жарым млн көшет отырғызып, өзен-көлдердің айналасындағы 5,8 миллион шаршы метр аумақты тазалады. Тағы табиғат жанашырлары 900 мың тоннадан астам қоқыс шығарған. Жүздеген мың аула мен 20 мыңнан астам әлеуметтік нысанның аумағы тазартылып, 5 мыңға жуық қоғамдық орын абаттандырылды.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда және көшеде тазалықты сақтауға, абаттандыру ережелерін бұзбауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика