• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Ордабасы: Жүкті әйелдер мен жас аналарға семинар өткізді

Автор:admin

Ноя 11, 2023
Spread the love
Ордабасы аудандық орталық ауруханасының балалар дәрігерлері мен мейірбикелер жүкті әйелдер мен жас аналарға сәбиін ана сүтімен емізудің артықшылықтары туралы семинар өткізді. Семинарда тамақтандыру қауіпсіздігінің кепілі, баланы инфекциялардан қорғау, ана сүтінің баланың өсуі мен жетілуіне пайдасы (физикалық және интеллектуалды дамуына), әйелдердің ауру қаупін төмендету және дұрыс емізудің негізгі қағидалары туралы қажетті ақпараттар берді.
Негізі қағидаларға тоқталсақ:
1. Баланы туылғаннан кейінгі алғашқы сағат ішінде кеудеге басу;
2. Балаға емшекті дұрыс беру (төмендегі техниканы қараңыз).
3. Бала емшек сұрағанда емізу, оның ішінде түнгі уақытта емізу.
4. Бір емшекті еміп болғаннан кейін баланы екінші емшекке ауыстыру.
5. Балаға емізік бермеу және бөтелкеден тамақтандырмау.
6. 6 айға дейін тек емшек сүтімен тамақтандыру (басқа сұйықтықтар бермеу).
7. Баланы 1,5-2 жасқа дейін емізу қажет.
ДҰРЫС ЕМІЗУДІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ – ЕМШЕКТІ ДҰРЫС БЕРУ – емшек ұшы баланың таңдайына тигенде немесе емшек ұшы баланың аузына тура емес, сәл жоғары қарап тұрғанда дұрыс емізу болып саналады. Бұл жағдайда сүтбез ареоласының төменгі жағы көбірек баланың ауызына кіріп тұрады. Баланың аузын неғұрлым кең аштырған жөн (бұрыш 130-150 гр.), тілі қызыл иектің үстінде болуы керек, сонда ему кезінде анасы ауырсынуды сезінбейді.
Егер балаңыз емшек ұшы мен ареоланы аузына толық ала алмаса, сізге ыңғайсыз болады, тіпті ауырсынуды сезінуіңіз мүмкін, оған жол бермеу керек. Баланың қызыл иегін саусағыңыздың ұшымен ашып, емшекті шығару керек, сосын қайта беру керек.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика