Түркістан облысында полицейлердің ұйымдастыруымен «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Тәртіп сақшылары облыс бойынша барлығы 22 орында азаматтарды қабылдады.
Нәтижесінде бірінші күні 250-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойылды. Азаматтардан келіп түскен әрбір сауал жауапсыз қалмай, заң аясында құқықтық кеңес берілді.
Мәселен жұртшылық тарапынан автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және айыппұлдарды мерзімінде төлеу, көші-қон қызметіне қатысты сауалдар көптеп қойылды.
Айта кетсек, іс-шара 15-маусым күні таңғы сағат 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жалғасады. Егер полицияға қатысты сұрақтарыңыз, ұсыныс-пікірлеріңіз болса, қапы қалмаңыз!
Бұл бастама жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында апаттарды азайтуға бағытталған.
Акция аясында жүргізушілерге жолдардағы қауіпсіздік туралы пайдалы ақпарат қамтылған брошюралар таратылады.
Сонымен қатар, жүргізушілер іс-шара өтетін жерде жол қозғалысына қатысты сауалдарына жауап ала алады.
«Жолда қабылдау» акциясы туралы толығырақ ақпарат алу үшін 1403 нөміріне хабарласуға болады.
Автожолдағы қауіпсіздікке әр жүргізуші назар аудару керек!