• Вт. Ноя 17th, 2026
Популярные метки

«Назар аударыңыз, теміржол өткелі!» профилактикалық айлығы

Автор:admin

Ноя 17, 2026

2026 жылғы 28 қазан мен 27 қараша аралығында теміржол өткелдерінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Назар аударыңыз, теміржол өткелі!» профилактикалық айлығы өткізілуде.

Соңғы уақытта теміржол өткелдерінде жол-көлік оқиғалары жиілеп, оның ішінде жолаушылар пойыздарының қатысуымен 4 оқиға тіркелді. Мұндай жағдайлар жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы мен қауіпсіздік талаптарына немқұрайлы қарауынан орын алуда.

Осыған байланысты Арыс жол дистанциясы барлық тұрғындар мен автокөлік жүргізушілерін теміржол өткелдерінен өту кезінде барынша мұқият болуға шақырады!

Құрметті жүргізушілер!

* Теміржол өткеліне жақындағанда жылдамдықты төмендетіңіз;
* Жол белгілері мен бағдаршамның талаптарын қатаң сақтаңыз;
* Қызыл сигнал жанғанда және шлагбаум жабылған кезде өткелге шығуға болмайды;
* Өткел кезекшісінің нұсқауларын орындаңыз;
* Теміржол жолында көлік құралын тоқтатуға және басып озуға жол бермеңіз.

Есіңізде болсын: пойыздың тежеу жолы жүздеген метрді құрайды, сондықтан машинист кенеттен пайда болған кедергінің алдында пойызды бірден тоқтата алмайды.

Теміржол өткеліндегі бір сәттік салғырттық адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін!

Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз, өз өміріңіз бен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика