• Вт. Ноя 17th, 2026
Популярные метки

МАЛДЫҢ ТЕМІРЖОЛҒА ШЫҒУЫНА ЖОЛ БЕРМЕҢІЗДЕР!

Автор:admin

Ноя 17, 2026
Ауыл шаруашылығы малдарының теміржол жолдарына шығуы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Бұл малдың қырылуына, пойыздардың шұғыл тежелуіне және қозғалыс кестесінің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабының 1-бөлігіне сәйкес, теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю үшін 5 АЕК (21 625 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда айыппұл 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерін құрайды.
Арыс жол дистанциясы (ПЧ-54) мүдделі қызметтермен бірлесіп, тұрғындар мен мал иелері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Құрметті мал иелері! Малдарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар, қауіпсіз жайылымды ұйымдастырыңыздар және теміржол жолдарын тек белгіленген орындарда кесіп өтіңіздер.
Теміржолдағы қауіпсіздік — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика