• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН ЕҢБЕКТЕР БАБАЛАР МҰРАСЫ” АТТЫ РУХАНИ ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Автор:admin

Мар 15, 2023
Spread the love

ҚМДБ Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты мешіт имамдарына Мәртөбе мешітінде «КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН ЕҢБЕКТЕР БАБАЛАР МҰРАСЫ” атты рухани танымдық семинары өтілді. Аталмыш семинарға Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы Мұхаммеджан Естемиров, Қаратау ауданының бас имамы Желеуов Дастан қатысты. Имамдарға Сайрам Жәми мешітінің имамы Мухиддинов Салахаддин және Байғұт баба мешітінің бас имамы Желеуов Дастан көне түркі тілінің (төтеше жазу) әліппесімен таныстырды, оған қоса Қаратау аудандық Уақып қорының жауапты маманы Абдуайт Абдуалибек Уақып қорының бағыты мен мақсаты жайлы имамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де Көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Түркістан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – В. Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика