• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Алғыс саған, ақ халатты абзал жан!

Автор:admin

Ноя 8, 2023
Spread the love

Қазақстанның басты байлығы – халқының саулығы.  Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Дені сау ұлт» жобасының аясында отандық денсаулық сақтау саласының дамуына жыл сайын қомақты қаржы бөлініп, өркениетті елдердің озық технологиялары қолданысқа молынан енгізілуде.  Жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету шалғайдағы елді мекендер тұрғындары үшін де қолжетімді бола түсуде. Өте қымбат тұратын МРТ, КТ, ангиографиялық аппараттар сатып алынуда. Халқы тығыз орналасқан аймақтарда инсульт орталықтары ашылып, қызмет көрсетуде. Әсіресе, ана мен бала денсаулығына айрықша көңіл бөлінуде.
Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні аталып өтеді. Биыл олардың кәсіптік мерекелері Түркістан облысының құрылғанына бес жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Өңіріміздегі мыңдаған Гиппократ антына адал дәрігер мен мейірбике науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, емімен де, жылы сөзімен де шипа дарытып жүр. Түркістан облысында трансплантология саласының түйіні тарқатылды.  Бұрын кенжелеп қалған ағза ауыстыру мәселесі Алматы қаласындағы А.Н.Сызганов атындағы хирургия ұлттық ғылыми орталығының қолдауымен биылдан бастап облыстық клиникалық ауруханада қайта қолға алынып, бүйрек пен бауырға күрделі операциялар жасалуда.
Адам саулығының қорғаны болып жүрген медицина қызметкерлері, мерекелеріңіз құтты болсын!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика