• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«Құқықтық көмек» жобасы жалғасуда

Автор:admin

Июл 27, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясы заңгерлері мегаполис тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті. Шара халықтың құқығын қорғауды көздейтін «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
«Құқықтық көмек»: аудандық партия филиалында ақысыз көмек көрсету жұмысы жалғасын тапты.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қала тұрғындары тәжірибелі заңгерлер мен білікті мамандардан кеңес алуын жалғастыруда. Әділет департаментінің өкілдері бастаған заң қызметкерлері, халықтың мәселелеріне назар аударып, оларға бағыт-бағдар көрсетіп, көмектесіп келеді.
Қоғамдық қабылдауға қала тұрғындары әлеуметтік, мүмкіндігі шектеулі балаға медициналық көмек, алаяқтықпен күрес мәселелерін көтеріп, көмек сұрады. Өз кезегінде құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Бибігүл Абдалиева заң аясында консультативті кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Көпбалалы отбасылар, аз қамтылған азаматтар алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша заң көмегін ала алады. Сотқа дейінгі іс жүргізуден бастап сот шешіміне дейін өтініш білдірген азаматтардың мүддесі қорғалады. Осы жобаның аясында қоғамдық қабылдаулар өткізілді.
Қалалық филиалдың ғимараттарында заңгерлердің, нотариустардың адвокаттардың аптасына екі рет тұрақты түрде қабылдауы жөн. Осындай жобалар арқылы ғана біз әділетті қоғамды қалыптастыруды және еліміздегі заңның үстемдігін қамтамасыз ететін боламыз. «Құқықтық көмек» жобасы заңда жиі кездесетін қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Еске салайық, «Құқықтық көмек» жобасы бойынша заңгерлердің тегін кеңесі аптасына екі рет өткізіледі. Ал айына бір рет құқықтық сала мамандары шалғай аудандарға баруды жоспарлап отыр.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика