• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«ҚЫЗМЕТ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ЕСЕПТІ МЕРЗІМ ІШІНДЕ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫН ЖАРИЯЛАДЫ -1-

Автор:admin

Май 18, 2023
Spread the love

Кәсіподақтың ең негізгі жұмысы — бұл бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу болып саналады.
Осыған байланысты филиал құрамына кәсіподақ ұйымдарын кіргізу және мүшелікке тарту бойынша:
— 2020 жылы 7 мекемеден кәсіподақ ұйымы ашылып, оған жалпы 230 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған;
— 2021 жылы 18 мекемеден кәсіподақ ұйымы ашылып, оған жалпы 623 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған;
— 2022 жылы 11 мекемеден кәсіподақ ұйымы ашылып, оған жалпы 924 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған;
— 2023 жылы есепті мерзімде 8 мекемеден кәсіподақ ұйымы ашылып, оған жалпы 704 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған.
Жалпы 2020-2023 жылдар аралығында 44 мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымын ашып, оған жалпы 2481 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған.
2022 жылы филиал құрамына жалпы 49 бастауыш кәсіподақ ұйымы кіріп, оларда жұмыс жасайтын жалпы 3249 адамынан кәсіподақ мүшелігіне 2978-і немесе 91,7%-сі кәсіподақ мүшелігіне тартылған болса, ал 2023 жылдың 17 мамырында 54 бастауыш кәсіподақ ұйымы болып, оларда жұмыс жасайтын жалпы 3700 адамынан 3470-і немесе 94,0%-і кәсіподақ мүшелігіне тартылған.
Ұжымдық шарт жасасу бойынша
Кәсіподақтардың рөлі мен қызметі — еңбек қатынастарын реттеу кезінде айрықша көрініс табады. Бұл ретте Еңбек Кодексінің 156,157,158 баптары бойынша ұжымдық шарт жасалып, 159,160,161 баптары бойынша келісу комиссиясы және 203 бап бойынша өндірістік кеңес құрылған.
Осыған сәйкес филиалдың құрамындағы 54 мекеменің барлығында немесе 100% 5 жылға, яғни 2022-2026, 2023-2027 жылдарға арналған ұжымдық шарттар жасалған және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткен.
Оның ішінде, жасалған ұжымдық шарттар саны 54 болса, оның 46-ы мерзімі ұзартылған және 8-і жаңадан жасалған.
Филиал құрамындағы мекемелерде жазатайым оқиғалары орын алмаған, жарақат алғандар жоқ және жұмыскерлер алдындағы жалақы қарыздары жоқ.
Сондай-ақ, әлеуметтік шиеленіс туу мүмкін мекемелер жоқ.
Филиал ережесіне сәйкес, 7 адамнан тұратын Атқару Комитетінің мүшелері сайланып, жұмыс жасауда. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 20, ал 2023 жылы 3-рет Атқару Комитетінің отырысы өткізілген.
Бұдан бөлек, Шымкент қалалық Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Үш жақты комиссиясының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің, Шымкент қаласының Тұрғын үй комиссиясының, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы екі қоғамдық кеңесінің: біріншісі — Аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің және екіншісі — Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңесінің, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің салалық кәсіподақтары аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің мүшелері ретінде кеңестер мен комиссиялар отырыстарына қатысып, мәселелердің жүзеге асырылуына ықпал жасалуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика