Жиында көтерілген үшінші мәселе бойынша «ЕуроАзиялық медиация орталығы» Қоғамдық бірлестігінің директоры Лаура Ақшегірова өңірдегі Медиация және Заң клиникасының жұмысын жандандыру мәселері, яғни кәсіподақтарға сенімділікті арттыру, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіріп еңбек жанжалдарының алдын-алу мәселеріне тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша АКБ төрағасы Бауыржан Ілімшаұлы 19 мамыр күні Астанада ОАЕКК Бас хатшысы – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының жетекшілігімен Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесінің III отырысы туралы баяндап, форум аясында көтерілген мәселелерге кеңінен тоқталды.
«Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Монғолия мемлекеттері бірыңғай демалыс орындарының хабын ашып, енді өзара кәсіподақ арқылы еңбек адамын сауықтыру мақсатында турист алмасатын болады. Бұл кәсіподаққа мүше еңбеккерлерге осы 5 елдің шипажайлары мен демалыс орындарына барып сауығуына және туризмді дамытуға сеп болмақ. Қазіргі таңда шекаралас Өзбекстан елінде 7 мың орынға шақталған заманауи 31 шипажай жұмыс істейді. Қабылданған шешімнің нәтижесінде, биыл 4 мыңнан аса қазақстандық кәсіподақтар арқылы Өзбекстанның шипажайларына жолдама алуға мүмкіндігі бар», — деді Бауыржан Ілімшаұлы.
Көшпелі отырыс соңында бүгінгі мәжіліске жиналған Қаратау ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бірқатар бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері өңірдегі кәсіподақ қозғалысына қосқан үлестері үшін еңбектері ескеріліп марапатталды.
Қолданыстағы қоғамдық келісімді өзгертетін уақыт келді. Қазіргі кезеңде табыстарды бөлудегі теңсіздік пен кедейшілік аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі болып табылады. 2023 жылға жүзеге асыру мақсатында Кеңестің негізгі іс-шараларының жоспары әзірленіп, бекітілді. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұйымның символын әзірледі. Кеңестің ctuca.org сайты құрылып, іске қосылды. Бұл күндері Орталық Азия елдері кәсіподақтары арасында футзалдан ІІ халықаралық турнир өтуде. Оларға сәттілік тілейміз!
Бүгінгі отырысты қорытындылай келе, Үйлестіру кеңесінде көтерілген мәселелер кеңес қатысушыларының назарына алынып, салалық және жергілікті кәсіподақ төрағалары өз ұсыныстарымен бөлісіп, жүктелген тапсырмаларды тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз ететінін жеткізді.