• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ -1-

Автор:admin

Май 23, 2023
Spread the love

Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы Қаратау ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымында Әл-Фараби кітапханасы ғимаратында өтті.
Жиналысқа «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Алтеев, әлеуметтік әріптес — Қаратау ауданы әкімі Рахымберды Мулкеманов, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, бастауыш және жергілікті кәсіподақ ұймының төрағалары, АКБ қызметкерлері мен Қаратау ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясына «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар беру, 2023 жылға Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша үміткерлерді ұсыну, «Еңбек жолы» конкурсына кәсіподақ мүшелерінің қатысуын қамтамасыз ету, Медиация және Заң клиникасының жұмысын жандандырып жүргізу, Астана қаласында өткен Орта Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесінің отырысы-форумында көтерілген мәселелер қаралды.
Жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған Бауыржан Ілімшаұлы салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағаларына Федерацияның тапсырмасы негізінде 2023 жылдың 15 маусымына дейін «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар беру керектігін жеткізді.
Көшпелі отырыста қаралған келесі мәселе бойынша «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек кеңес мүшелеріне еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру мақсатындағы «Парыз» конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша белсенді кәсіподақ мүшелерін мекеме атынан үміткер ретінде ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін ұсынуды тапсырды. Одан өзге, бүгінгі форматтағы көшпелі отырысты әр тоқсан сайын бастауыш кәсіподақ ұйымында өткізуге ұсыныс беруді, сонымен қатар, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясын жалғастыруға әр салалықтан осы акцияны қолдау мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымдарын аралау жоспарын бекітуге және ҚР КФ «Қазақстан кәсіподағы» газетіне ІІ жартыжылдыққа жазылуды жандандыруға шақырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика