Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов брифингте мәлімдеді:
«Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтады.
4 жергілікті тұрғынды тінту барысында АК-47 автоматы, 3 мылтық карабині, 2 аңшылық мылтық, травматикалық тапанша, түрлі калибрлі патрондар, жабайы арқар мүйізі және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді.
Қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Күдіктілер қамалды.
Ешбір жерде тіркелмеген қаруды көненің көзі деп, атадан қалған қару еді деп сақтау, одан әрі кейінгі ұрпаққа мұраға қалдыру заңсыз сақтау болып табылады. Егерде азаматтар ІІО-да тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, электрлі, лақтырылатын, оқсыз атылатын қаруды, белгі беру қаруын, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау тәртібін бұзған болса ҚР-сы ӘҚБтК-ң 482-ші бабы 1-ші бөлігінде көзделген жауаптылыққа, яғни — қаруды тәркілей отырып,жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Оқиғаның мән-жайы мен күдіктілердің қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қандай мақсатта сақтағаны анықталуда. Тергеу жүргізілуде.»- деп атап өтті Қ.Сахов.