Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, Павлодар облысында қазіргі уақытта дәрігер, мұғалім және техникалық сала мамандары тапшы. Халық саны аз аймаққа мемлекеттік бағдарлама аясында қоныс аударуға ниетті жандарға қолдау да ерекше. Мәселен, былтыр Түркістан облысынан Павлодарға көшкен 90-ға жуық отбасының мүшелері жұмысқа орналастырылып, баспанамен қамтылған. Ерсін Жұмашев:
«Солтүстікке көшкен отбасындағы әрбір адамға бірреттік 214 мың теңге беріледі. Ауыл шаруашылығын дамытамын деген шаруалар үшін де жердің құнарлы екендігін ерекше атап өткім келеді. Мемлекет қорындағы баспанада 5 жыл көлемінде азаматтарға тұрған үйлері аттарына ресімделіп беріледі. Өкінішке қарай, денсаулығына байланысты ауа райы жақпай немесе отбасылық жағдайлармен туған жеріне қайта оралған азаматтар бар. Бұл біздің тарапымыздан жағдай жасалмағандығы емес, азаматтардың ерікті түрде белгілі себептермен қайту фактісі» деді Павлодар қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Ерсін Ағынтайұлы.
Павлодардан Түркістан облысына келген ақпараттық топ мүшелері 1 апта бойы облыс аумағындағы
17 қала-аудан тұрғындарымен жүздеседі. Жоспарға сай делегация құрамындағы 40-қа жуық маман көші-қон мәселесі туралы толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.Осы мәселе төңірегінде көші-қонның құқықтық реттелуі және мигранттардың құқықтық жағдайы қалай реттеледі? Қайтарымды көші-қон саласындағы халықаралық құқықтық реттеу саласы не дейді? Міне осы сұрақтарға мақаламыздан жауап іздеуіңізге болады. Халықаралық құқықтағы қайтарымды көші-қонның мәнін анықтау. Мигранттардың қайтып келу саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен мемлекеттер серіктестігінің мазмұны. Қайтарымды көші-қон процестерін реттеу саласындағы мемлекет аралық, аймақтық және халықаралық ынтымақтастық. Аймақтық шарттар мен механизмдер: ТМД-ның көші-қон, реттелмеген көші-қонға қарсы іс-қимыл және адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызмет туралы құқықтық құжаттары; ШЫҰ-ның көші-қон мәселелерін қозғайтын құқықтық құжаттары; Еуразиялық экономикалық одақтың көші-қон мәселелерін қозғайтын құқықтық құжаттары; ҰҚШҰ және Алматылық процесс шеңберінде қабылданған көші-қон саласындағы құжаттар. ОА аймағы елдерінің ХКҚҰ-мен, ЕО және басқа да халықаралық құрылымдарымен, бірінші кезекте БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерімен және ұйымдарымен ынтымақтастығы. КӨШІ-ҚОННЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ЖӘНЕ МИГРАНТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ Халықаралық көші-қон құқығы (ХКҚҚ) – бұл көші-қонды реттейтін халықаралық құқық саласы. Оның негізін халықаралық жария құқықтың әртүрлі көздері құрайды. Көші-қонға қатысты құқықтық құжаттар кешенінен тұратын саладан айырмашылығы ХКҚҚ – мемлекеттердің мигранттарға байланысты халықаралық құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңдардың, принциптер мен нормалардың жиынтығын сипаттау үшін пайдаланылатын жалпы термин.1 Халықаралық көші-қон құқығын реттейтін көздердің тізімін анықтайық.
Құқықтың әрбір саласы оның негізгі бастаулары мен реттеу мәні бекітілген белгілі бір көздер
жиынтығына ие. Міндетті және қосалқы дереккөздердің белгілі бір жиынтығына ия халықаралық
құқық та ерекше емес. Халықаралық құқық көздеріне ресми сипат әдетте екі жолмен беріледі:
— біріншіден, халықаралық құқық субъектілері шарттарды, құқықтық нормалардың мазмұнын
немесе үкіметаралық ұйымдардың ұстанымдарын мақұлдаған кезде құқық шығармашылығы
арқылы;
— екіншіден, халықаралық құқықтық субъектілері әдеттегі нормаларды мақұлдап, оларға заңды
күш бере отырып, санкциялау жолымен.
Халықаралық құқықтың неғұрлым толық көздері БҰҰ Халықаралық соты Статутының
38-бабында көрсетілген. Оларды үш топ бойынша жіктеуге болады: негізгі, туынды (қайталама)
және қосалқы 1969 жылғы халықаралық шарттардың құқығы туралы Вена конвенциясы халықаралық шартты мемлекеттер арасында жазбаша нысанда жасалған және осындай келісімнің бір құжатта, екі немесе бірнеше өзара байланысты құжаттарда бар-жоғына қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан, халықаралық құқықты реттейтін халықаралық келісім ретінде айқындайды.3 Халықаралық құқық көздерінің бірі құқық қалыптастырушы шарттар болып табылады. Халықаралық көші-қон құқығы саласында бұл шарттарды жалпы және мамандандырылған деп бөлуге болады. Жалпы шарттарға біз, мысалы, жалпы адам құқықтарын реттейтін барлық конвенциялар мен пактілерді (АСҚХП, ЭӘМҚХП, АҚЕК және т.б.) жатқызамыз, сондай-ақ көші-қонға да маңызды деп есептейміз. Мамандандырылған шарттарға көші-қон қатынастарын тікелей реттейтін шарттар жатады. Бүгінгі күні осы салада көптеген халықаралық шарттар бар, олардың арасында келесілерді атап өтуге болады: — 1990 жылғы барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенция; — 24.06.1975 жылғы «Көші-қон саласындағы теріс пайдалану туралы және еңбекшімигранттарға мүмкіндіктер мен қарым-қатынас теңдігін қамтамасыз ету туралы» ХЕҰ №143 конвенциясы; — 01.07.1949 жылғы №97 «Еңбекші-мигранттар туралы» ХЕҰ конвенциясы; — БҰҰ-ның 2000 жылғы трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы және оған екі хаттама – Мигранттарды құрлық, теңіз және әуе арқылы заңсыз әкелуге қарсы хаттама және адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу туралы хаттама; — 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы Конвенция және оған 1967 жылғы Хаттама; — 1961 жылғы азаматсыздықты қысқарту туралы БҰҰ конвенциясы; Соғыс кезінде азаматтық тұрғындарды қорғау туралы Конвенция (IV). Женева, 12 тамыз 1949 жыл; — Халықаралық қарулы қақтығыстардың құрбандарын қорғауға қатысты 1949 жылғы 12 тамыздағы Женева конвенцияларына қосымша хаттама (I хаттама); — Халықаралық емес қарулы қақтығыстардың құрбандарын қорғауға қатысты 1949 жылғы 12 тамыздағы Женева конвенцияларына қосымша хаттама (IІ хаттама). Халықаралық әдет-ғұрып. Халықаралық көші-қон құқығының екінші маңызды көзі ретінде, халықаралық құқықта міндетті құқық (opinio iuris sive necessitous) болып табылады деген сенімге («құқықтық сана») сәйкес келетін, мемлекеттердің (usus деп аталатын) келісілген және ұзақ практикасында қалыптасқан әдет-ғұрып болып табылады. Халықаралық әдет-ғұрыптар дегеніміз халықаралық қатынастарда мәні бірдей жағдайларға тұрақты және біркелкі қолдану негізінде белгіленетін ережелер мен тәртіптер болып табылады Халықаралық көші-қон құқығы саласындағы халықаралық әдет-ғұрып туралы айта келе,
адамдардың орын ауыстыруы нәтижесінде, басқаша айтқанда, көші-қон процестері
барысында қалыптасқан тәртіп ережелерін ескеру қажет.5
Қазіргі уақытта әдет-ғұрып ең
алдымен адам құқығын қорғауда қосымша құрал болып табылады. Мысалы, халықаралық көшіқон құқығындағы әдет-ғұрып ретінде кері қайтып келуден бас тарту принципін тануға болады
немесе non-refoulment, тіпті мемлекет 1951 жылғы Конвенцияны немесе адам құқықтары
жөніндегі басқада кез келген шартты бекітпесе де босқындарға қатысты қолданылмауы тиіс.
Бұл әдет-ғұрып босқындарды халықаралық қорғауға негізделген бірінші дәрежелі қағидат
болып табылады. Құқықтық нормалардың
мазмұнын айқындау кезінде көмекші құралдар ретінде халықаралық бақылау органдарының,
атап айтқанда халықаралық және төрелік соттардың шешімдері мен қаулылары пайдаланылады.
Олардың біріншісі, әдетте, тұрақты жұмыс істейтін инстанциялар. Оларға халықаралық соттар
мен адам құқықтары жөніндегі механизмдер (БҰҰ шеңберінде әрекет ететін) және жалпы
немесе арнайы юрисдикция ретінде, аймақтық соттар (мысалы, АҚЕС) жатады.
Іс жүзінде арнайы бақылау органдарының шешімдері үлкен әсер етеді. Мұндай органдар ең
бастысы адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар негізінде құрылады. Мысал ретінде
азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактінің негізінде құрылған БҰҰ Адам құқықтары
жөніндегі комитетін, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция ретінде
белгілі, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенция (1950) негізінде құрылған Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот келтіруге болады. Бұл органдарға оның
құқықтары бұзылған, ал өз мемлекетінде ішкі қорғаудың барлық құралдары таусылды деп
санайтын кез келген тұлға жүгіне алады. Бұл органдардың тәжірибесі көрсеткендей, көбінесе
оларға адамдар заңсыз және өз еркімен қайтып оралуға, сондай-ақ халықаралық қорғауға
байланысты істер бойынша шағымдармен жүгінеді.
Халықаралық көші-қон құқығы доктринасы. Халықаралық көші-қон құқығының басқада
көмекші көздері танымал халықаралық құқықтанушылардың доктриналық зерттеулері болып
табылады. Бұл халықаралық құқықтың құқықтық нормалары мен кодификацияланғанына
қарамастан, қазіргі уақытта бұл процесс бірқатар бағыттар бойынша аяқталмауымен
түсіндіріледі. Сондықтан заң ғылымының өкілдері жинақталған құқықтық білімді жүйелендіруге
және дамытуға қатысады. Халықаралық көші-қон құқығының доктринасын зерттеу саласында,
халықаралық көші-қон құқығының негізгі ұғымдарын әзірлеген, мына көрнекті ғалымдарды
атап өту керек, Т. Алейникофф, Р. Апплеярд, В. Четейл, К. Бретель, Г. Г. Гудвин-Гилл, Р. Перрушу,
Р. Человински.9
Көмекші көзі ретінде Халықаралық көші-қон құқығы доктринасы халықаралыққұқықтық нормаларды қолдану және түсіндіру кезінде халықаралық құқық субъектілері
позицияларының нақты мазмұнын айқындауға мүмкіндік береді. Халықаралық көші-қон құқығы
доктринасының мәні оның жекешеленген халықаралық-құқықтық ережелерді түсінуге және
түсіндіруге ықпалдылығы болып табылады. Көші-қон мәселелері адам құқықтарын іске асыру және қорғау мәселелерімен тығыз байланысты.
Адам құқықтары жөніндегі барлық құжаттарда жүріп-тұру еркіндігі мәселелері қозғалады, бұл
көші-қонның негізін құрайды. Мысалы, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
«әрбір адам еркін жүріп-тұруға және әр мемлекеттің шегінде өзіне тұру орнын таңдауға
құқылы» деп айтады 10 Бұл құқықтың ережелері Азаматтық және саяси құқықтар
туралы халықаралық пактінің 12 және 13-баптарында толығырақ жазылған. Жүріп-тұру және
тұрғылықты жерді таңдау еркіндігі әр адамның туғаннан бастап табиғи және ажыратылмайтын
мүмкіндігі болып табылады. Кең деңгейде жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау еркіндігін
өзі таңдаған жерде уақытша немесе тұрақты кедергісіз тұру, сондай-ақ ол заңды түрде
болатын елдің аумағы бойынша кедергісіз орын ауыстыру арқылы игілігін кедергісіз пайдалану
адамның табиғи пайда болатын, ажырамас, заңмен бекітілген және кепілдік берілген мүмкіндігі
ретінде анықтауға болады.11
Халықаралық шарттар нормаларының мазмұны адамның еркін жүріп-тұру құқығы бірнеше
элементтен тұрады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Басқа халықаралық актілерде мигранттардың құқықтарын қорғауға негіз болатын өзге де
құқықтар қарастырылады. Осылай, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы
халықаралық пакт еңбек құқығын бекітеді, атап айтқанда, соның ішінде шетел азаматтары
үшін де әділ және қолайлы еңбек жағдайларын жасауды қарастырады. Бұдан басқа, осы Пактіде
өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бағытталған құқықтар кешені қарастырылады, олардың
ішінде білім алу құқығы және денсаулық құқығы да бар. Бұл құқықтар мигранттар үшін маңызды
мәнге ие, себебі оларды іске асыру кезінде олар өз еңбегіне сай тең ақы төленуін, лайықты
өмір сүру жағдайларының берілуін, мемлекеттік органдарға және т.б. жүгіну мүмкіндігін талап
етуге құқылы. Мигранттардың құқықтарын қорғау үшін теңдік және кемсітушілікке тыйым
салу қағидатын сақтаудың маңызы зор. Мысалы, бұл мәселеге Нәсілдік кемсітушіліктің барлық
нысандарын жою туралы конвенция және Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы
мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенция арналған. Осы құжаттарда
әртүрлі негіздер бойынша, оның ішінде ұлттық және этникалық белгілері бойынша бөлуге,
алып тастауға, ажыратуға немесе артықшылық беруге тыйым салынады. Көші-қон проблемалары елдердің келісілген әрекеттерінің көмегімен ғана шешілетіндей,
айтарлықтай ауқымды және күрделілік деңгейіне жетті. Қайтарымды көші-қон бүкіл әлем
бойынша көші-қон мәселелерімен айналысатын ұлттық және халықаралық саясаткерлердің
күн тәртібіндегі басты мәселе болып табылады, себеб іпана мен иммиграция жүйелерінің
тұтастығы мәселесін қозғай отырып, пана іздеген адамдар қатарындағы бас тартушылар мен
реттелмеген жағдайда жүрген мигранттар шыққан, транзит және тағайындалған елдерге әсер
етеді. Әйтседе, қайтарымды көші-қон циклдық көші-қон схемаларының табиғи бөлігі болып
табылғанымен, оның межелі елде қалуға рұқсаты жоқ мигранттарды шыққан еліне мәжбүрлеп
қайтаратын немесе ерікті қайтып келу бағдарламаларын пайдаланатын кезде өте сезімтал
мәселеге айналуы мүмкін. Қайтарымды көші-қон жеке құбылыс ретінде емес, үкіметтер қолданатын жекелеген
мигранттардың халықаралық көші-қон циклының және көші-қонды басқару құралдарының
кең контекстінде қаралуы тиіс. Шыққан, транзитті және межелі елдер арасындағы аймақтық
және жаһандық ағындарды қамтитын көші-қон циклы мигранттардың қабылдаушы елде
бірігуіне, олардың одан әрі көшіп-қонуына немесе шыққан еліне ерікті не еріксіз оралуына
әкеп соғады. Көші-қон неғұрлым күрделі және циркулярлық болғандықтан, қайтып оралуына
неғұрлым кешенді тәсілді іске асыруға, сондай-ақ мигранттарды межелі, транзит және шыққан
елдер арасында қайтып келудің бірлескен бағдарламасын іске асыру үшін ортақ іс-шаралар мен
әріптестіктің қажеттілігін туындатты.
Осылайша, көші-қон ағындарын басқару және мигранттардың қорғаныс қажеттіліктерін
қанағаттандыру мәселелері адам саудасының, қанаудың құрбандары болған немесе осындай
теріс пайдаланушылықтың алдында осал болып табылатын қамқоршысы жоқ мигранттардың
балалары үшін толық шешілмеген болып қала береді. Бұл транзит елдерінің әлсіз әлеуетіне
және құжаттары жоқ мигранттардың көп санының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатына,
мигранттардың әртүрлі топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға және жаппай тәртіпте
келетін әрбір мигранттың нақты қажеттілігін, оның ішінде қорғанысты жылдам анықтау және
жауап қату сияқты қиындықтарға байланысты.
Шынында да, шыққан, транзит және баратын елдер қайтып келу мәселелері бойынша
әртүрлі жұмыс істейді және сәйкесінше олардың көзқарасы мен басымдықтары да әртүрлі. Мысалы, баратын және транзит елдерінің көпшілігі үшін негізгі проблема олардың көшіқонын басқарудағы ұлттық жүйелерінің тұтастығы болып табылады, соның ішінде заңды көшіқон схемасы мен баспана институты да бар. Қайтып келген мигранттардың ауқымды ағыны
көптеген шыққан және транзит елдері үшін қайтып оралушыларды қабылдау, оларды қайта
ықпалдастыру мен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы бойынша шектеулі мүмкіндіктеріне
байланысты толық шешілмеген проблема болуы мүмкін. Осылайша, барлық тиісті мүдделі
тараптарды ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейлерде тарту, мән-жайларға байланысты
қайтып келу процесін және қайтып келудің тиімді саясатын неғұрлым кең және толық түсінуге
қол жеткізу үшін маңызды мәнге ие. Қайтып келу бойынша неғұрлым сәтті іс-шаралар барынша
инклюзивті болады және шығу, транзит және тағайындау елдерінің, сондай-ақ мигранттардың
өздерінің қажеттіліктері мен проблемаларын ескереді. Осылайша, диалогты дамыту үшін
шығу, тағайындау және транзит елдерге серіктестік қатынастарды жолға қоюға, қайтарымды
көші-қон жөніндегі тиімді саясатты бірлесіп әзірлеуге және жүзеге асыруға көмектесе алады.
Бұл кіші бөлімде қайта оралуға байланысты механизмдер егжей-тегжейлі қаралмайды, оларға
осы басшылықтың басқа бөлімдері арналған, бірақ басқаларымен қатар ерікті қайтып келуге
және қайта ықпалдастыруға көмек (ЕҚКҚЫК) бағдарламасының тұжырымдамасы ашылатын
болады.
ЕҚКҚЫК – ХКҚҰ қызметінің негізгі түрі, оның аясында жыл сайын қайта оралу кезіндегі ондаған
мың мигрантқа өмірлік маңызы бар көмектер көрсетіледі. Бұл қызмет саласы ұдайы кеңейіп
келеді, себебі мигранттарды қабылдайтын мемлекеттер мен шыққан елдер санының көбеюі
көші-қонды басқарудың тиімді және ізгілікті жүйесінің маңызды компоненті ретінде ЕҚКҚЫК
құндылығын мойындайды. Қазіргі уақытта ХКҚҰ барлық құрлықтарда және әртүрлі бағыттарда:
«солтүстік-оңтүстік» және «оңтүстік-оңтүстік» ЕҚКҚЫК бағдарламаларын іске асыруда.
Соңғы төрт онжылдықта ХКҚҰ-ның ЕҚКҚЫК бағдарламасына қатысуы көші-қонның өзгеріп
жатқан болмысын көрсетті. Саналы және ерікті шешімнің нәтижесі ретінде қарастырылатын
ХКҚҰ-ның ерікті түрде қайтып келудің бұрыннан келе жатқан принципі бойынша, нақты
қызметке қатысудың кез келген нысаны үшін алғышарттар және міндетті қайтып келудің негізгі
элементі ретінде қайтып келудің дайындығына байланысты алаңдаушылығын көрсету болып
табылады. ХКҚҰ сонымен бірге қайтып келу процесінің толыққанды элементтері ретінде қайта
ықпалдастыруға көмек механизмдерін құру және қайта оралғаннан кейінгі мәселелерді шешуде
алдыңғы қатарда орналасқан. Қайтып келу және қайта ықпалдастыру перспективаларын
ертерек болжауға, сондай-ақ мигранттарды қайтарғанға дейін немесе олардың өз елінде
орналасқаннан кейінде қосымша ресурстарды пайдалануға және жұмылдыруға көмек ретінде
бағытталған шаралардың алға жылжуына баса назар аударады.
Төрт онжылдық бұрын басталған ХКҚҰ-ның ЕҚКҚЫК бағдарламаларының көпшілігі кері
тасымалдарды ұйымдастырудың негізгі қолдауын ұсынды. Содан бері олар табыс көзінің
тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша біріктірілген қызметтері бар неғұрлым кешенді
бағдарламаларға айналды. Көптеген бастамалар жекелеген репатрианттардың қайта
біріктірілуін қолдап қана қоймай, сонымен қатар тиімді және тұрақты қайтып келуді қамтамасыз
етуге байланысты қайтып келгендердің проблемаларын шешуге ықпал етеді.
Оқиғалардың мұндай барысы көптеген мемлекеттер көші-қонды басқару стратегиясында
қайтарымды көші-қонды жиі қосатындығы туралы фактіні көрсетеді, ол саясатты қалыптастырудың халықаралық процесінде аса маңызды орын алады. ЕҚКҚЫК көптеген
елдерде немесе Еуропа Одағы сияқты көпжақты құрылымдарда көші-қон және баспана
беру саласындағы саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады және қолайлы нұсқа ретінде
қарастырылады. ЕҚКҚЫК сонымен бірге зардап шеккен елдер арасында тұрақты емес
транзиттік көші-қон проблемасына бірлескен реакция ретінде іске асырылатын, зардап шеккен
елдерге, сондай-ақ кедейшілік жағдайында қалған және өмір сүруге арналған қаражаттан жиі
айырылған мигранттарға қажетті көмек көрсететін негізгі шаралардың бір бөлігіне айналуда. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы қайтып келу және қайта ықпалдастыру бойынша көмекке
мұқтаж мигранттар арасында ғана емес, сондай-ақ қауым, диаспора, консулдық өкілдіктер және
басқа да мүдделі тараптар сияқты басқа да топтар арасында ЕҚКҚЫК туралы хабардар болуын
арттырады. Мигранттарға берілетін ақпараттың объективті болуы және өзекті фактілерге
негізделуі тиіс. Хабардар болуды арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру
кезінде мигранттардың қауымдастықтарымен және тиісті дипломатиялық өкілдіктермен
карталау және өзара іс-қимыл жасау олардың қамтылуын кеңейтуге және бұндай іс-шараларда
дұрыс хабарламалар жасауға мүмкіндік береді.
Мигранттарға қайтып келуге және қайта ықпалдастыруға көмек көрсету сұрақтары
бойынша кеңес беру
Жеке кеңес беру әлеуетті қайтып келетін тұлғаларға қабылдаушы немесе транзиттік елде,
сондай-ақ шыққан елде өздерінде бар құқықтар мен мүмкіндіктер туралы білуге, өздеріне
тиесілі көмек туралы, қайта ықпалдастыруға ерікті қайтып келу және көмек процесінің
шарттары туралы ақпарат алуға және нәтижесінде, қайтып келу олар үшін ең жақсы балама
болып табыла ма, жоқ па, яғни бұл оларға сараланған шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Кеңес беру мигрантқа түсінікті тілде және мигранттарға сұрақтар қоюға және өз көзқарасын
еркін білдіруге, оның ішінде өз проблемалары туралы айтуға мүмкіндік беретін жағдайларда
ұсынылуы тиіс. Бұл өз еркімен қайтып келу туралы шешім қабылдауға әкелуі мүмкін, бірақ
мигранттар кеткенге дейін кез келген кезеңде ойын өзгерте алады. Қайта ықпалдастыру процесіне және оның тұрақтылығына әсер ететін факторлар көші-қон
туралы шешімге әкелгенмен бірдей болуы мүмкін. Олар экономикалық, әлеуметтік және
психоәлеуметтік сипатқа ие бола отырып, олар қайтып келетін жеке қайтып келушілермен,
қауымдастықтармен және құрылымдық ортамен байланысты болуы мүмкін.
Қайта ықпалдастырудың күрделілігін ескере отырып, процестің орнықтылығын қамтамасыз
ету үшін кешенді тәсіл қажет, ол өзара тиімді негізде жеке қайтып келушілердің да,
қоғамдастықтардың да қажеттіліктерін, сондай-ақ қолданыстағы құрылымдық факторларды
(мысалы, жергілікті және ұлттық деңгейдегі түрлі үкіметтік департаменттер арасындағы
ынтымақтастақты, репатрианттарға бағдарланған саясат пен құқықтық құралдарды немесе
жұмысқа орналасуға және негізгі қызметтерге қол жеткізуді) ескеретін болады.
Тиісінше, қайта ықпалдастыру жөніндегі шаралар репатрианттардың өз қауымдастықтарында
экономикалық өзін-өзі қамтамасыз ету, әлеуметтік тұрақтылық және оларға көші-қон
факторларын жеңуге мүмкіндік беретін психоәлеуметтік әл-ауқат деңгейіне қол жеткізуге
бағытталуы тиіс.
Көші-қон мен саяси динамикаға қарамастан, ЕҚКҚЫК кез келген бағдарламасы барлық үш
сатыны қамтиды.
ЕҚКҚЫК БЕНЕФИЦИАРЛАРЫ
Үйге қайтып оралуына қажет жәрдемге мұқтаж кез келген мигрант ЕҚКҚЫК шеңберінде
көмекке жүгіне алады. Мұндай мигранттарға мыналар кіреді:
— реттелмеген мәртебесі бар мигранттар (депортациялау, шығарып жіберу немесе жіберу
туралы бұйрық алмаған);
— пана беру туралы қолдаухаты қабылданбаған адамдар (депортация, шығарып жіберу немесе
жөнелту туралы өкім алынбаған);
— кейіннен өзінің өтінішін қанағаттандыруға қол жеткізбеу туралы шешім қабылдаған пана
сұраушылар;
— босқын мәртебесі бар немесе үйге оралу туралы шешім қабылдаған уақытша қорғалған
мәртебесі бар адамдар;
— адам саудасының құрбандары;
— келген елінде құқықтық мәртебесі бар, бірақ үйге оралу үшін қаражаттары жоқ кез келген
адам (мысалы, мүшкіл жағдайда қалған адамдар мен студенттерді қоса алғанда); сондай-ақ
— келісім-шарттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен еңбек мигранттары.
R ақпарат