• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ ДАМУЫНА ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ АРДАГЕРЛЕРІН ЕСКЕ АЛУҒААРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Автор:admin

Июн 16, 2024
Spread the love

2024 жылы 11-16 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы және Жамбыл облысы тоғызқұмалақ қазақ ұлттық ойын қауымдастығы ұйымдастырумен Тоғызқұмалақ ойынының дамуына еңбек сіңірген спорт ардагерлері Әбілда Ақшораев және Серікбай Тілеубаевті еске алуға арналған республикалық турнирі өтті. Жарысқа Шымкент қаласы мен Алматы қаласы сонымен қатар Маңғыстау облысы мен БҚО және Жамбыл облысының аудандарынан 78 спортшы қатысты.
Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубымыздың спортшылары төмендегідей нәтижеге қол жеткізді:
1. Пернебай Гүлім 1 — орын (13ж қыздар)
2. Еркинбек Асель 1 — орын (11ж қыздар)
3. Сейтжаппар Жания 2 — орын (9ж қыздар)
4. Бейбіт Аякөз 3 — орын (13ж қыздар)
5. Жаксибай Арнұр 3 — орын (13ж ұлдар)
6. Нурсеит Алимхан 3 — орын (9ж ұлдар)
7. Ербол Ерқанат 3 — орын (11ж ұлдар) ие болды.
Қазақ халқының ежелгі ұлттық спортының бірі – тоғызқұмалақ. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ойынның пайда болуы шамамен 4 мың жылдық кезеңді қамтитын көрінеді. Алайда, өкінішке қарай, елімізде тоғызқұмалақ ойыны туралы білетін жандар өте аз. Осыған орай, бүгінгі тақырыбымызда оқырмандарымызды аталмыш ойынмен таныстырсақ дейміз.
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері:
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.
Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен сегізін алып, біреуін орнында қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде, орны бос қалады. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе екі-үш құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика