• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасындағы тәрбие – ұрпақтар сабақтастығы!

Автор:admin

Сен 25, 2022
Spread the love

Жас баланы отбасында тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жи­нақтаған ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім – тәрбие, ұлттық сана сезім, қадір -қасиет, ар – ождан, ұлтжандылық, отан-сүйгіштік, ізгілік, ізет­тілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық, ерлікке, жігерлікке, батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген. Баланың жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына отбасының тәрбиесі, ата-ананың өнегесі деп есептегенімен, баланың жүрген ортасы, ағайын – туыстары, жора – жолдастарының, сонымен қатар туған жердің табиғаты да әсер етеді.

Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың тәрбиелік мәні зор. Белгілі педагог-психологтардың ойларынша, отбасындағы ата-ана әрқашанда өздерінің эмоцияларын, сөйлеген сөздерін бақылап, баланың санасына теріс ықпал ететін қылықтарды жасамауы қажет. Баласының жақсы азамат болғанын қалайтын әрбір ата-ана тәрбиені өздерінен бастауы қажет. Өйткені балалары ата-анасының жасаған қылықтарын қайталай отырып өмірлік тәжірибе жианақ­тайды.

Ата-ананың балаға деген махаббаты – оның отбасына, туған жеріне, Отанына, туыстары мен достарына, сүйген жарына деген махаббатың дамып қалыптасуына негіз береді. Өмірдегі небір сырлы махаббаттар ата-ананың балаға деген мейірім махаббатынан тараған. Ата-ананың еккен махаббаты баласының жүрегінде гүлдеп, қартайған ата-аналарының өмірін қуанышқа бөлеп, өткен өміріне өкінбей, еңбегінің жанғанына риза етеді.

Отбасы мен неке мәселесі ежелден зерттеліп келеді. Антикалық дәуірден-ақ Платон және Аристотель сынды ойшылдар ерлі-зайыптылар мен отбасына қатысты өз пікірлерін білдіріп, өз дәуіріндегі отбасыларды сынға алып, оны құрудың жобаларын ұсынған болатын.

Ғылымда қоғамның даму тарихындағы отбасылық қатысынастар сипаты туралы ауқымды әрі сенімді ақпараттар жетіп артылады. Отбасының өзгеруі промискуитеттен (әдепсіз жыныстық байланыстар), топтық зайыптылықтан, матриархат пен патриархаттан моногамияға дейін эволюциядан өтті. Отбасы – қоғамның даму сатылары бойынша жоғарылағаны тәрізді төменнен жоғарыға дейінгі сатылардан өтті.

Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!

Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

 

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика