• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КӨШПЕЛІ МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Апр 20, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен Шапырашты тұрғын алабында азаматтарға көшпелі мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
Жергілікті тұрғындарға «AMANAT» партиясының Қаратау аудандық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Имашев Қайрат Есенбекұлы талап-тілектері бойынша қабылдау жүргізді.
Тұрғындар алабтағы каналдың құрылысын аяқтау, қоқыс шығару мәселесі, сондай- ақ мәдениет үйі ғимаратын жаңартып беруін сұрады. Азаматтарды Байзақов көшесінің тегістелуі де мазалайды, жолды асфальттап беруін сұрады.
Аза­мат­тарды қабылдаған басқар­ма бас­шысының бірінші орынбасары оларға барлық мәселе заң ая­сында шешілетінін айтып, ұсы­ныстары мен талап-тілектерін жазып алды.
Сонымен қатар, емхана мен көп балалы отба­сыларға және жастарға көмек көрсету бойынша қолдау күткен ағайын да қабылдауға арнайы кел­ген.
Халық қалаулысы қабылдауға келген азаматтардың мұң-мұқтажын орындау бойынша жоспар түзіліп, тиісті мекемелер арқылы кезең-кезеңімен шешімі қарастырылып жатқанын айтты. Көкейтесті мәселелер партия бақылауына алынып, бұл бағытта тиісті жұмыстар атқаратынын жеткізді.
Қабылдау жұмыстары халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыруға, көкейде жүрген өзекті мәселелер оңтайлы шешім табуға, сонымен қатар партияның жұмысын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылуда.
Кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жобалар бар. Жеке мәселелері бойынша жүгінген тұрғындарға тиісті сала өкілдері тарапынан заңдылық аясында кеңестер мен сұрақтары бойынша жауаптар беріліп отыратындығы мен жалпы түйіні тарқамаған, шешуді қажет ететін мәселелер, барлық қойылған сұрақтар аманаттықтардың бақылауына алынатындығы сөз болды. Қабылдау соңында тұрғындар өз ризашылықтарын білдіріп, халық қалаулыларына алдағы жұмыстарға сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика