«AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен Шапырашты тұрғын алабында азаматтарға көшпелі мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
Жергілікті тұрғындарға «AMANAT» партиясының Қаратау аудандық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Имашев Қайрат Есенбекұлы талап-тілектері бойынша қабылдау жүргізді.
Тұрғындар алабтағы каналдың құрылысын аяқтау, қоқыс шығару мәселесі, сондай- ақ мәдениет үйі ғимаратын жаңартып беруін сұрады. Азаматтарды Байзақов көшесінің тегістелуі де мазалайды, жолды асфальттап беруін сұрады.
Азаматтарды қабылдаған басқарма басшысының бірінші орынбасары оларға барлық мәселе заң аясында шешілетінін айтып, ұсыныстары мен талап-тілектерін жазып алды.
Сонымен қатар, емхана мен көп балалы отбасыларға және жастарға көмек көрсету бойынша қолдау күткен ағайын да қабылдауға арнайы келген.
Халық қалаулысы қабылдауға келген азаматтардың мұң-мұқтажын орындау бойынша жоспар түзіліп, тиісті мекемелер арқылы кезең-кезеңімен шешімі қарастырылып жатқанын айтты. Көкейтесті мәселелер партия бақылауына алынып, бұл бағытта тиісті жұмыстар атқаратынын жеткізді.
Қабылдау жұмыстары халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыруға, көкейде жүрген өзекті мәселелер оңтайлы шешім табуға, сонымен қатар партияның жұмысын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылуда.
Кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жобалар бар. Жеке мәселелері бойынша жүгінген тұрғындарға тиісті сала өкілдері тарапынан заңдылық аясында кеңестер мен сұрақтары бойынша жауаптар беріліп отыратындығы мен жалпы түйіні тарқамаған, шешуді қажет ететін мәселелер, барлық қойылған сұрақтар аманаттықтардың бақылауына алынатындығы сөз болды. Қабылдау соңында тұрғындар өз ризашылықтарын білдіріп, халық қалаулыларына алдағы жұмыстарға сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.