• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУДА ҚУАНДЫҚ МЫРЗАҚАСЫМОВТЫҢ «ЖҮРЕКТЕГІ ЖАЗУЛАР» АТТЫ КІТАБЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Автор:admin

Авг 20, 2024
Spread the love

Бүгін қазақтың кітап қоржыны тағы бір жыр жинақпен толықты. Кентау қаласының тумасы, ақын Қуандық Мырзақасымовтың «Жүректегі жазулар» атты кітабы оқырманға жол тартты. Жаңа туындының тұсау кесу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қатысты, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
– «Жақсының аты өлмейді» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Қуандық көкеміз оңтүстік өңірде туылып, осы өлкенің өркендеіне өлшеусіз үлес қосқан азамат. Бұл кітап жастарға, өскелең ұрпаққа өнеге деп сенемін. Өйткені ол кісінің қалдырған еңбегі ұмыт қалмай, жарық көріп жатқанының өзі бір ғанибет деуге болады, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Жинаққа ақынның өлеңдері, қаламдастары мен туған-туыстарының естеліктері енген. Аталған кітап алдағы уақытта өңірдің ақындарын зерттеу жұмысымен айналысатын жас ғалымдарға, өлкетану, филология және әдебиеттану мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге, жас ақындар мен қалың оқырманға арналған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның эко­­номикалық бағдары» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында: «Қазіргі заманда азаматтардың шығармашылық әлеуетіне және зияткерлік капиталына арқа сү­­­йей­­­тін «креативті өндіріс» салалары шы­­найы инклюзивті экономиканы дамы­­­­тудың қайнар көзі саналады. Бұл аз десе­­­ңіз, креативті экономика дарынды әрі шы­ғар­машыл адамдарды өзіне тар­­­­татын ірі қалалардың дамуына ықпал ету­­­ші күшке айналуда. Қазақстанда бұл сала әлі дамымаған. Креативті индус­­­­трияның ішкі жалпы өнімдегі үлесі бір пайызға да жетпейді, жұмыспен қамту саласындағы үлесі өте төмен. Дегенмен дарынымен бүкіл әлемді мойындатып жүрген отан­дастарымыз аз емес. Біз елі­міз­де креа­­­тивті экономиканың жан-жақты дамуы­­на барлық жағдайды жа­­­­сауы­мыз керек. Соның ішінде зият­­­­­кер­­­­лік меншікті қор­ғайтын құқық­тық тәсілдер қажет. Бұл – өте маңызды мәселе» деген еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономика үшін аса қажетті креативті индустрияны қолға алуды осыдан бір­­неше жыл бұрын айтқан. Қазір сол бас­та­ма ел игілігі үшін маңыздылығын кө­рсетіп отыр. Мәселен, Үкімет 2021-2025 жылдарға арналған Шығармашылық индустрияны дамыту тұжырымдамасын бекітіп, жүзеге асыруды бастап, оған қа­­тысты қызметтің 43 түрін белгіледі.
Қазіргі уақытта креативті индустрия мәселелері «Мәдениет туралы» ҚР Заңымен және 2021-2025 жылдарға арналған креативті индустрияны дамыту тұжырымдамасымен реттеледі. Сондай-ақ, сала өкілдерімен бірлесіп инфрақұрылымды, қолдауға бағытталған арнайы қор құру және креативті индустриямен жұмыста мемлекеттік мүлікті пайдалану жөніндегі тетіктер талқыланып жатыр. Заңнамалық көмек шеңберінде «Мәдениет туралы», «Білім туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарға толықтырулар енгізу жоспарланған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика