Елімізде ішкі істер органдарында бір салада қызмет атқарып жүрген отбасылық полицейлер аз емес.
Солардың бірі әке мен бала Кентау қаласы полиция бөліміндегі Болат Асанов және Ермек Болатұлы.
Бала кезінен еліне қорған болуды мақсат тұтқан Болат Асылханұлы ішкі істер органдарында 2004 жылдан бері қызмет атқарады. Әке жолын қуып Ермек Болатұлы бұл қызметке 2023 жылы келді.
Полиция подполковнигі Болат Асылханұлы -КҚПБ жергілікті полиция бөлімшесінің аға участкелік полиция инспекторы әрі сервистік модель инспекторы, ал ұлы Полиция лейтенанты Ермек Болатұлы тергеу бөлімшесінің тергеушісі.
Бір салада еңбек ету, жауапкершілікті ғана емес, отбасындағы түсіністік пен сыйластықты қалыптастырады. Десе де, қызметтік мәселелерді бірге шешіп, кәсіби міндетті бірінші орынға қоямыз. Ал кәсіпке адалдық, қиын да жауапты істі абыроймен атқару басты ұстанымымыз, – дейді полицейлер.
Қызығы мен қиындығы қатар кездесетін жауапкершілігі мол саланы арқалап жүрген әке мен бала көпке үлгілі қызметкерлер.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі