Заң үстемдігін нығайту мақсатында қазір «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын енгізу арқылы «Әділетті Қазақстан» құру мәселесі күн тәртібіне шығып отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті Қазақстан» – бұл әуелі халықтың заңды құқығы мен азаматтық қоғам қағидаттарына сай экономикалық, әлеуметтік, саяси құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік ұстаным. Заңды білу тек құқық қорғау органдары мен заңгерлерге ғана міндет емес. Заңды білу және заң талаптарын орындау, алдымен халықтың құқықтық сауаты мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Яғни, құқықтық мемлекет құру, заң үстемдігін орнату процесінде құқықтық тәрбие мәселелерінің маңызы жоғары.
Жеке адамның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, тұрғындарға заң тұрғысында тегін кеңес беру мақсатында 2016 жылдан бері республикамыздың барлық өңірінде «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылып келеді.
Келес ауданда «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілді. Шара аясында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері, заңгерлері мен қорғаушылары тұрғындарды қабылдап, тегін заң көмегін көрсетті. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету мақсатындағы акция бүгін ауданда өз жалғасын тапты…