• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕЛЕС: КЕЛЕСТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ (-1-)

Автор:admin

Май 30, 2024
Spread the love

Заң үстемдігін нығайту мақсатында қазір «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын енгізу арқылы «Әділетті Қазақстан» құру мәселесі күн тәртібіне шығып отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті Қазақ­стан» – бұл әуелі халықтың заңды құқығы мен азаматтық қоғам қа­ғидат­та­рына сай эконо­­­мика­лық, әлеу­меттік, саяси құқық­­­тарының қор­ғалуын қамтамасыз ететін мем­­­­­­­­­­­­­­­лекеттік ұстаным. Заң­­­ды білу тек құқық қорғау ор­гандары мен заң­герлерге ғана міндет емес. Заң­­­­ды білу және заң талаптарын орындау, алдымен халықтың құ­қықтық сауаты мен құқықтық мә­­­­дениетін қалып­тастыру арқылы жү­зеге асады. Яғни, құқықтық ме­­­­млекет құру, заң үстемдігін ор­нату про­цесінде құқықтық тәрбие мәсе­ле­лерінің маңызы жоғары.
Жеке адамның құқықтық мә­дениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, тұрғындарға заң тұрғысында тегін кеңес беру мақ­сатында 2016 жылдан бері рес­пуб­ликамыздың барлық өңірінде «Халық заңгері» рес­публикалық акциясы ұйымдастырылып ке­­­леді.
Келес ауданда «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілді. Шара аясында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері, заңгерлері мен қорғаушылары тұрғындарды қабылдап, тегін заң көмегін көрсетті. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету мақсатындағы акция бүгін ауданда өз жалғасын тапты…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика