• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КЕЛЕС: ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУ-ЖАРАҚТЫ САТЫП АЛУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ЖҮРГІЗІЛЕДІ (-1-)

Автор:admin

Апр 20, 2024
Spread the love

Атыс қаруларымен, оқ – дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың сәуір айының 22-нен бастап халықтан Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ – дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізіледі.
Бұл акция Қазақстан Республикасы ІІМ «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ – дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Мемлекет азаматтардан өз еріктерімен бұрын ішкі істер органдарында есепте болмаған заңсыз сақтаудағы қаруларды қабылдап алып, оларға олардың санатына сәйкес түрлі мөлшердегі сыйақылар береді.
Сыйақыны беру арнайы құрылған комиссияның шешімімен қаруы қабылданып, арнайы тексерістерден өткен соң, қарудың материалдық жай – күйін ескере отырып арнайы ережеге сәйкес 3 санатқа санатталады. Ешбір жерде тіркелмеген қаруды көненің көзі деп, атадан қалған қару еді деп сақтау, одан әрі кейінгі ұрпаққа мұраға қалдыру заңсыз сақтау болып табылады.
Егерде азаматтар ІІО-да тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, электрлі, лақтырылатын, оқсыз атылатын қаруды, белгі беру қаруын, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау тәртібін бұзған болса ҚР-сы ӘҚБтК-ң 482-ші бабы 1 — бөлігінде көзделген жауаптылыққа, яғни — қаруды тәркілей отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика