• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

Автор:admin

Май 29, 2024
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің және «Жер аманаты» комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Жиынға қалалық филиал Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, кеңес және комиссия мүшелері қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Серік Бейсалиев отырысты жүргізді.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
1. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының және оған қарасты мемлекеттік мекемелерінің 2023 жылда атқарылған жұмыстары және 2024 жылы жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы.
2. Заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы.
Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков баяндамасы тыңдалып, кеңес мүшелері тарыпынан сауалдар қойылды. Сондай-ақ алдын ала жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы талқыланып, ұсыныстар берілді.
Еске саларлық, жыл басында Шымкентте «AMANAT» пар­тиясы жанындағы «Жер ама­наты» комиссиясының ара­ласуы­мен дендро­сая­бақтың 0,29 гектар аумағы мемлекет меншігіне қай­тарылған болатын.
«AMANAT» партиясы жа­нын­дағы республикалық «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері Шым­кент қаласына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Олардың қа­тарында «Жер аманаты» комис­сиясы тө­рағасының бірінші орын­ба­сары, Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Те­міржанов, комиссия төраға­сының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек және комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан бар.
«Жер аманаты» комиссиясы тө­рағасының орынбасары Ба­қыт­жан Базарбек атап өткендей, бұған дейін А.Асқаров атындағы дендро­ло­гиялық саябақтың кей­бір аумағы заңсыз иеліктен шы­ғарылған еді. 2005 жылы жел­тоқсанда қала әкімі 0,2430 гек­тар жер учаскесін үшінші тұл­ғаға беру туралы қаулы шы­ғарды. 2022 жылы мамырда халық қалау­лысы дендросаябақ орналасқан жерді иеліктен шы­ғарудың заңды­лығын тексеру қажет екенін айтып, АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне өтініш жолдады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика