Облыс аумағында ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы ретте Сайрам ауданының тәртіп сақшылары көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту мақсатында тәулік бойы қызмет етуде. Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, жасөспірімдердің түнгі мезгілде жүруі, мүліктің бүлінуі, вандализм, ұсақ бұзақылық, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, лудомания, құмар ойындарға әуестігі бар тұрғындармен күресу бағытында жұмыс жасауда. Есепте тұрғандармен профилактикалық шара атқаруда.
Айта кететін, әйнегі сынып, төбесі опырылған аялдамалар мен қоқыс салғыштың сұрықсыз күйін қазір еліміздің кез келген қаласынан кезіктіруге болады. Тіпті күндіз-түні күзетілетін нысандардың да орындықтары сынып, жол сілтейтін көрсеткіштері мен ескерту тақтайшалары бұзақылардың «құрбанына» айналған.
Вандализм көбінесе үрейден, қаттылықтан, қозудан, агрессиядан болады. Яғни қандай да бір бойдағы агрессия ошақтарын қандырушы әрекет ретінде есептеледі. Вандализмге алып келетін жолдар: онтогенді яғни дұрыс емес тәрбие көзі, гипер немесе гипо байектеу баланы, жағымсыз орта болса, биогенді түрде ол шығу тегі (ішімдікке әуестік, психопатия, психикалық ауытқулары агрессивті түрде) арқылы генетикалық тұрғыда ұшырайды. Алғашқы әрекет немесе айқын агрессивті әрекеттің алдын алу психиканы тұрақтандыру және қорғанудың ең тиімді жолы…