• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Вандализм, лудоманиямен күрес басты назарда (-1-)

Автор:admin

Апр 27, 2024
Spread the love

Облыс аумағында ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы ретте Сайрам ауданының тәртіп сақшылары көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту мақсатында тәулік бойы қызмет етуде. Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, жасөспірімдердің түнгі мезгілде жүруі, мүліктің бүлінуі, вандализм, ұсақ бұзақылық, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, лудомания, құмар ойындарға әуестігі бар тұрғындармен күресу бағытында жұмыс жасауда. Есепте тұрғандармен профилактикалық шара атқаруда.
Айта кететін, әйнегі сынып, төбесі опы­рыл­ған аялдамалар мен қоқыс салғыш­тың сұрықсыз күйін қазір еліміздің кез келген қаласынан кезік­тіруге болады. Тіпті күндіз-түні күзеті­летін нысандардың да орындықтары сынып, жол сіл­тейтін көрсеткіштері мен ескерту тақ­тайшалары бұзақылардың «құрбанына» айнал­ған.
Вандализм көбінесе үрейден, қаттылықтан, қозудан, агрессиядан болады. Яғни қандай да бір бойдағы агрессия ошақтарын қандырушы әрекет ретінде есеп­теледі. Ван­дализмге алып келетін жолдар: онтогенді яғни дұрыс емес тәрбие көзі, гипер немесе гипо байектеу баланы, жағымсыз орта болса, биогенді түрде ол шығу тегі (ішімдікке әуестік, психопатия, психикалық ауытқулары агрессивті түрде) арқылы генетикалық тұрғыда ұшырайды. Алғашқы әрекет немесе айқын агрессивті әрекеттің алдын алу психиканы тұрақтандыру және қорғанудың ең тиімді жолы…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика