• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Білікті маман — баға жетпес кадр

Автор:admin

Ноя 8, 2023
Spread the love

Медицина – адамзатпен бірге жасап, дамып келе жатқан ең қажетті сала. Осы бір жауапкершілікті, тиянақтылық пен табандылықты талап ететін медицина саласында қызмет етіп жүрген дәрігерлер қауымына көрсетілер құрмет те жоғары. Десек те, күн өткен сайын тұғыры биіктеп келе жатқан дәрігерлер туралы аз жазылып жүрген жоқ.

Әннің шынары да арналып, ақынның өлеңдері де болмысын айғақтап, суретшінің бағалы картиналары да ақ халатты абзал жандардың тұлғалық болмысын көтере түсті десек, артық айтқандығымыз емес. «Қас-қабағын бағып ұдай науқастың, Ағаруы тегін бе еді тал шаштың. Қарсы тұрып ажал дейтін дүлейге, Денсаулықтың майданында шайқастың. Демейсің-ау, шаршасаң да шаршадым, Бір басында жүрер сенің қанша мұң. Жүрегіңнің бар жылуын жеткізіп, Тұрғандай-ақ дірілдейді саусағың. Ажарында нұр ойнайды жараса, Науқастардың беті бермен қараса. Ауыр ойдан айыға алмай жүргенің, Адам үшін ұзақ өмір, араша» деп ақынның жүрегін жарып шыққан өлең жолдарында айтылғандай дәрігерлер туралы қаншама жазсақ та артықтық етпейді.

Міне, осы бір құдіретті мамандықты игеріп, білім мен біліктілігін арттырып, халыққа адал қызмет етіп келе жатқан дәрігерлеріміздің бірі, Бәйдібек аудандық ауруханасының акушер-гинекологы   Бекшораева Айгүл Асылханқызы.

Ақ халатты абзал жан дегенде өз мамандығына барынша берілген, адамның тәні мен жанын қоса емдейтін білікті дәрігер көз алдыңа келеді. Оның үстіне ол аяулы дәрігер ана деген асыл жандарға қуаныш сыйлап, іңгәлап дүние есігін ашатын нәрестелерді алғаш ыстық алақанымен аялап, ана құшағына ұсынып, ақ жаулықтылардың өміріне жаңалық әкелетін жан болса, ол мамандық иесіне қандай құрмет көрсетсең да жарасымды.

Акушерлік және гинекология — адам өмірі үшін қаупі жоғары ерекше сала.

Бекшораева Айгүл Асылханқызы Кентау қаласында дүниеге келген. Анасының арманы әрі өзінің қалауымен медицина мамандығын таңдап,  Х.А. Яссауи атындағы халықаралық Қазақ -Түрік университетінің  «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдап шықты. Әр жылдары Шымкент қаласындағы «Фосфор» ауруханасында  акушер-гинеколог  болып қызмет атқарды, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» резидентурада оқып, «№2 қалалық аурухананың» перзентханасында  акушер-гинеколог қызметтерін атөарды.  Соңғы жылдары Кентау қалалық ауруханасының босану бөлімінде акушер-гинеколог қызметін атқаруда.

А.А.Бекшораева: «Әйелдерге   сапалы   медициналық   қызмет  көрсету  мақсатында  осы   маманға  сай   жаңа   медициналық   технологиялармен   емдейміз. Акушерия   және гинекологиялық  экстремалды  жағдайларда кез келген хирургиялық   көмекті  көрсетемін. Сондай-ақ, Кентау қаласында эндовидеогинекология мәселесіне алғаш көңіл бөліп, лапороскопиялық операциялар жасаудамын.  12.06.2023 жылы Медициналық қызметкерлер күніне орай ҚР денсаулық сақтау министрі А. Гиният ханымның «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталдым. Бұл мен үшін үлкен мәртебе және медицина саласына қосқан ерекше үлесім!».

Алдыма әлі де үлкен мақсаттар мен міндеттер, жоспарлар қоюдамын. Сол белестер мен асулардан сүрінбей өтіп, акушерия мен гинекология саласына үлкен үлесімді қосуға тырысамын!»,  дейді дәрігер.

Дәрігердің алақанының жылуын сезініп, өмірдің алтын қақпасын ашқан әрбір сәби мен ана өз ісінің шебері, мейірімді жанға өздерінің жүрек түкпіріндегі алғаусыз алғысын жеткізуде. Ал дәрігердің ізгілікке толы жүрегі елі деп еміреніп тұр. Бәлкім дәрігер бақыты деген осы болар!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика