• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 30 ШАҚЫРЫМ ЖЫЛУ ЖЕЛІСІ МЕН 2 ҚАЗАНДЫҚ ЖАҢАРАДЫ

Автор:admin

Апр 22, 2024
Spread the love

Шымкент қаласында жылу құбырларының жалпы ұзындығы 838,6 шақырым, ал тозу деңгейі 37 пайызды құрайды. Жалпы мегаполисті 23 қазандық пен 17 сорғы стансасы жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Қазандықтардың орташа тозуы 30,5%, сорғы станцияларының тозуы 41%.
Өткен жылы 8,7 шақырым жылу жүйелері ағымдағы жөндеуден өтті. Сонымен қатар Нұрсәт нысанында қайта жаңғырту жұмысы жүргізілді.
Қалада жылу жүйелерінің ұзындығы 838,6 шақырымды құрайды. Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде оның 37 пайызы тозған. Осы тозу деңгейін төмендету үшін жергілікті және республикалық бюджеттен 6,3 млрд. теңге қаржы бөлінген. Қаражаттың 3,2 млрд. теңгесі жергілікті бюджеттен қаралып, биыл 8,8 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Ал, республикалық бюджеттен бөлінген 3,1 млрд. теңгеге 3 жоба негізінде 8,7 шақырым жылу құбыры қайта құрудан өтуде. Қысқы дайындық үшін жөндеу жұмыстары осы жылдың 20 қыркүйегінде толық аяқталады.
Айта кететін, алдыңғы жыл Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен «Қуатжылуортталық-3» мекемесі арасындағы келісім шартқа сәйкес қаладағы 16 нысанда жалпы ұзындығы 8,76 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жылу жүйелері ауыстырылуда.
Гагарин көшесінде жалпы ұзындығы 1500 метр құбырлар жаңартылуда. Осыған дейін мұнда 340 метр желі ауыстырылған. Ал 18 шағынаудандағы Ерімбетов — Рысқұлов көшелерінің қиылысында жалпы ұзындығы 808 метр құбырды демонтаждау жұмыстары атқарылуда.
Нәтижесінде 2076 көпқабатты тұрғын үй мен 464 бюджеттік мекеменің тұрғындары тұрақты жылумен қамтамасыз етілді.
Ал биыл қала әкімінің тапсырмасы бойынша 30 шақырым жылу жүйесінде ағымдағы жөндеу, 4 нысанда құрылыс жұмысын жүргізу жоспарланып отыр. Оның екеуінде жылу қазандықтарын жаңғырту, екеуінде 7,2 шақырым жылу желілерін қайта құру жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі таңда тұрғындарды жылу жүйелерімен үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында көктемгі-жазғы маусымда жоспарлы жөндеу және қайта құру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды R-FACTOR.KZ ақпарат агенттігі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика