• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 5, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясының Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жасөспірімдердің арасында суицидтің алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға аудандағы орта білім беру нысандарының жетекшілері мен психолог мамандары қатысып суицидтің алдын алу туралы, сондай-ақ жасөспірімдерде болатын суицидтік көңіл күйдің негізгі себептері мен белгілері туралы сөз қозғады.
Психолог маманның айтуынша жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне көбінесе қаржы проблемасы, психикалық аурулар қоршаған адамдармен түсініспеушілік отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы,зорлық-зомбылық,есiрткi қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар,атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдердің тікелей әсері бар дейді. Өкінішке орай 15-19 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтік әрекеттер жиі кездеседі.
Жиынға қатысушылар Жастарды бүгінгі қоғамымызды жаулаған зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, өз – өздеріне қол жұмсаудың алдын алуға тәрбиелеу, сапалы білім, саналы тәрбие алып, болашақ өмірдің баспалдығын аттауға дайындау мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстарын жиі өткізіп тұру қажеттігін атап өтті.
Жобаның негізгі мақсаты — қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттыру. Аталған мақсатқа жетудің үш жолы анықталып отыр. Соның бәрі кезең-кезеңмен іске асырылады.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің көмегімен жыл ба­сынан бері Шымкент қаласы бойынша 30 мыңға жуық аз қамтамасыз етілген және көпбалалы ананы тіркеуге алып, түрлі дең­гейдегі қызмет көрсетілген. Олардың қа­тарында ақпараттық қолдау, психология­лық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеу­меттік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, «Электрондық Үкімет» пор­талынан қызметтерін алу мәселелері бойынша көмектер бар. Алдағы күндері қоғамдық кеңес тарапынан қалаға қарасты төрт ауданда көмекті қажет ететін отба­сылармен жүйелі байланыс орнату, зор­лық-зомбылықтың алдын алу үшін оңалту орталықтары ашылмақ. «Ал «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында ай­мақтық қоғамдық кеңестің қатысуымен қаңтар-қараша аралығында 300-ден ас­там іс-шара өткізіліп, оған 4000-нан астам адам қатысты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика