«AMANAT» партиясының Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жасөспірімдердің арасында суицидтің алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға аудандағы орта білім беру нысандарының жетекшілері мен психолог мамандары қатысып суицидтің алдын алу туралы, сондай-ақ жасөспірімдерде болатын суицидтік көңіл күйдің негізгі себептері мен белгілері туралы сөз қозғады.
Психолог маманның айтуынша жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне көбінесе қаржы проблемасы, психикалық аурулар қоршаған адамдармен түсініспеушілік отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы,зорлық-зомбылық,есiрткi қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар,атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдердің тікелей әсері бар дейді. Өкінішке орай 15-19 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтік әрекеттер жиі кездеседі.
Жиынға қатысушылар Жастарды бүгінгі қоғамымызды жаулаған зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, өз – өздеріне қол жұмсаудың алдын алуға тәрбиелеу, сапалы білім, саналы тәрбие алып, болашақ өмірдің баспалдығын аттауға дайындау мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстарын жиі өткізіп тұру қажеттігін атап өтті.
Жобаның негізгі мақсаты — қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттыру. Аталған мақсатқа жетудің үш жолы анықталып отыр. Соның бәрі кезең-кезеңмен іске асырылады.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің көмегімен жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша 30 мыңға жуық аз қамтамасыз етілген және көпбалалы ананы тіркеуге алып, түрлі деңгейдегі қызмет көрсетілген. Олардың қатарында ақпараттық қолдау, психологиялық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, «Электрондық Үкімет» порталынан қызметтерін алу мәселелері бойынша көмектер бар. Алдағы күндері қоғамдық кеңес тарапынан қалаға қарасты төрт ауданда көмекті қажет ететін отбасылармен жүйелі байланыс орнату, зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін оңалту орталықтары ашылмақ. «Ал «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында аймақтық қоғамдық кеңестің қатысуымен қаңтар-қараша аралығында 300-ден астам іс-шара өткізіліп, оған 4000-нан астам адам қатысты.